Нумерология бизнес пе, ғылым ба: Сандардың адам тағдырына қатысы бары рас па?
Сандар да сөйлейді. Оған қарап, адамның кім екенін білуге болады. Тіпті, нумерологтар өткен өмірде кім болғаныңызды есептеп, айна-қайтесіз айтып береді. Бұл рас па? Жалпы әр санның қасиеті бар екені шындыққа жанаса ма?
Отандық жұлдыздар нумерологияға неліктен сенгіш келеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ең алдымен сандардың сиқырына жұрттың қаншалықты сенетінін білмек болып, көшеде сауалнама жасап көрдік.
“Ондайға сене қоймайды екенмін”.
“Мен өзі қазақ болғаннан кейін, маған жеті саны өзіме ұнайды. Жеті саны маған ылғи сәттілік әкеледі”.
“Жеті саны киелі, өйткені әр жұма сайын, жеті шелпек жасап тұрамыз”.
” Соның бәріне сенемін”.
“Өзім жетіні жақсы көремін. Қай жерге барсам да, қандай дүние алсам да, басқа дүние алсам да, сол жетіге мен әрқашан да көңіл аударамын”.
Біздің өміріміз сандарға тәуелді екен. Тіпті, сіздің туған жылыңыз, күніңіз, айыңыз тағдырыңызға әсер етеді. Яғни нумерология бойынша әр адамның өз саны болады. Оны анықтау үшін туған күн, ай мен жылды қосып санап шығасыз. Міне дәл сол сан Сіздің кім екеніңізді көрсетеді. Онымен қоса, адам баласының жүріп-тұруы, ішіп-жеуі де сандарға байланысты, дейді нумерологтар.
Танымал нумеролог Анар Аман сандардың сиқыры барын растайды. Тіпті, жер шарының өзі арнайы кодттардан тұрады, дейді. Ертедегі ғалымар сандардың ерекше және таңғажайып қасиеттері жайлы түрлі тракттаттар жазған. Олардың пайымынша есеп пен әртіптерден жер әлемі жаратылыпты-мыс. Ең қызығы, цифр арқылы сіз өз тағдырыңызды түзете аласыз.
«Нумерология дегеніміз – сәуегейлік емес, эзотерика да емес. Ол – ғылым. Бұл табиғат берген өте ыңғайлы құрал екенін үнемі айтып жүремін. Жеке басым калькулятор арқылы адамның туған күні мен аты-жөнін сұрастырып, есептей бастаймын. Адамның туған күні арқылы космограммасын да есептеуге болады. Яғни, белгілі бір уақытқа жететін өмірлік энергия қорын анықтайды. Тіпті, белгілі бір уақыт ішінде қанша рет шарықтау мен құлдырау кезеңдерінің болатынына дейін нақты көрсетіп береді. Осы ілім үшін, адамдар жат елдерге мәселен, Индияға, Тибетке жол тартып жатады» – дейді нумеролог Анар Аман.
Бүгінде белгілі өнер адамдары да нумерологтың көмегіне жүгінеді. Олардың айтқан болжамдарына сәйкес концерттерін ұйымдастырып, шаңырақ көтереді. Мәселен, отандық дизайнер Жадоның айтуынша, нумерологтың оған жасаған есептерінің 90 пайызы орындалыпты.
«Кейбірде шыны керек сенемін. Өйткені, келеді. Мінезім, қалай өмірім өткені, қалай өтеді, қалай өтіп жатқанына былай мен сенемін. Енді, 100 % болмағанымен, 90 % тура түсіп жатады. Өйткені, оған да сену керек, қазіргі заманда» – дейді отандық дизайнер Жадыра Сахиева.
Дегенмен дін өкілдері сандарың сиқырын жоққа шығарады. Олардың пайымынша цифрға сену сәуейгелікпен тең. Сондықтан жұлдыз-жораламалдар, нумерология – көріпкелдік секілді шариғатқа қайшы.
«Адамның бүкіл сол тарихын, болашықтағы жағдайын айтатын азаматтар, осындай мамандар шығып жатыр. Бұл енді шариғатқа бұл нәрсе қайшы деп айтамыз. Өйткені, бұл дінімізге, сенімімізге дұрыс келмейді. Немесе, біз мынадай сандарға 7,5,3 сандарын қасиетті сандар, кейбір сандарды қасиетсіз сандар, кейбір айлар, кейбір күндер қасиетті деп бөліп жарып жатамыз. Ол да шариғатымызға қайшы» – дейді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Жасан Аманқұлов.
Ал педагог-тренер Расул Тасшанов өзіне сенімі төмен адамдар нумерологтарға жүгінетінін айтады. Ғылыми тұрғыдан алғанда оның өзі дәлелденбеген. Сондықтанда болашақты болжағыштардың көздегені тек ақша дейді.
«Бұл кәдімгідей пайдасы бар бизнес. Олар психологиялық тұрғыдан әлсіз адамдарға түрлі болжамдарды айтып, сендіреді. Оның бәрі жалған. Қалайша нумерологтар адамның қай күні не істеу керек екенін, қай жыл оған табысты болатынын сандарға қарап айтады? Қисынға келмейтін дүние» – дейді педагог-тренер Расул Тасшанов.
Нумерологияның дұрыс-бұрыстығын әзірге нақты ешбір маман дәлелдеп айта алмады. Сондықтан да оған сену-сенбеу де кез келген адамның сана сезіміне байланысты дейді сарапшылар.
Тағы оқыңыз:
Алматы мен Астана бізге керек емеc: Ақтөбеліктер жаңа атауға қарсы шықты
Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады
Қостанайда жетім және жағдайы төмен қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген