Қостанайда жетім және жағдайы төмен қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Қостанайда жетім және жағдайы төмен отбасынан шыққан қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті.

Қостанайда жетім және жағдайы төмен қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Бұл туралы Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жетім және жағдайы төмен отбасынан шыққан қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 24-тен 31 жасқа дейінгі, оның ішінде екі қыздан құралған алты күдікті қолға түсті.

«Күдіктілер бұл қыздармен таныстары арқылы танысқан. Олар, бойжеткендердің дәрменсіздігін, ақшаға мұқтаждығын және тұрғын үй мәселесінен қиындық көргендерін ескеріп өздерінің таныстарына ұсынған. Осындай ұсыныстардан кейін қылмыскерлер зардап шегушілерді пәтерге шақырып, оларға ішімдік берген. Кейіннен олар қыздарға қоқан-лоқы көрсетіп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген», – деді полиция.

Қылмыскерлер бірден жәбірленушілердің құжаттарын тартып алып, оларды қорқытқан. Онымен қоса оларға жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Барлық қыздар жұмыссыз отбасынан шыққан. Ал үш бойжеткен балалар үйінің түлегі болғандықтан, олардың жақын туыстары жоқ.

Сонымен қатар, күдіктілер жәбірленушілерге туыстарына қоңырау шалуға мүмкіндік берген. Бірақ олар қыздар туыстарына өз жағдайы туралы айтып қояды деген оймен, бойжеткендерді үнемі бақылап отырған.

Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мүшелерін қолға түсірді. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 308 (Жезөкшелікпен айналысуға тарту), 309 (Жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету) және 262-бабының (Ұйымдасқан топтың, қылмыстық ұйымның құрылуы және оларды басқару) алдын ала тергеу жүргізілуде.

Жоғарыда аталған қылмыстарға қосымша, ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 126-бабында (заңсыз бас бостандығынан айыру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 128-баптарында (адам саудасы) көзделген қылмыстардың белгілерін анықтайды.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты қылмыстық істі қозғау туралы мәселе шешілуде. Тексеру кезінде қолға түскен күдіктілер қамауға алынды.

Оқи отырыңыз:

Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін мәлімдеді

«Ертіс» футбол клубына алғаш рет әйел адам басшы болды

Дмитрий Баландин Испаниядағы турнирде екінші алтынды жеңіп алды

Головкин сол қолмен жұдырықтасатын қарсыластан жүрексінеді дегендерге жауап берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр