"Ноттингем Форест" – "Порту":Жаңа бапкер үшін алғашқы сынақ
Фото:”Порту” фк
Еуропа лигасының үшінші турындағы басты кездесулердің бірі Англияда өтеді. "Ноттингем Форест" өз алаңында Португалияның жұлдызды клубы "Портуды" қабылдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ағылшын командасы соңғы үш ойында ешқандай ұпай жинай алмай, 0:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтижелер "Форестті" Премьер-лига кестесінің төменгі сатысына сырғытты.
Тіпті клуб қауіпті аймаққа түсіп қалды. Осындай төмен нәтижеден кейін команда бас бапкері Ангелос Постекоглу қызметінен босатылып, оның орнына ағылшын маманы Шон Дайч тағайындалды. Қаңтардан бері жұмыссыз жүрген Дайч үшін бұл ойын жаңа кезеңнің алғашқы маңызды сынағы болмақ.
Ал "Порту" маусымды өте сәтті бастаған. Еуропа лигасының алғашқы екі матчында "айдаһарлар" "Зальцбург" пен "Црвена Звезда" командаларын жеңіп, фаворит екендігін дәлелдеді. Португалия чемпионатында да команда көш басында келеді. Дегенмен, өткен демалыс күндері олар өз алаңында "Бенфикаға" қарсы ойында 0:0 есебімен тең түсіп. маусымдағы алғашқы ұпайын жоғалтты.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
