Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Норвегия полициясы Том Хагенді бір жарым жыл бұрын әйелінің жоғалып кетуіне байланысты қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Том Хаген

70 жастағы магнат оны өлтірді немесе өлтіруге ниеттенді деген күдікке ілінді.

2018 жылдың қазан айында оның әйелі Анна-Элизабет Хагенді, сол кездегі болжам бойынша, ақша бопсалау үшін ұрлап әкетті.

Алайда кейінірек ақша бопсалау талаптары жалған болғаны туралы күдіктер пайда болған. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Әйелді өлтіріп кетуі мүмкін.

Сейсенбі күні Том Хаген Осло маңындағы үйінде тұтқындалды.

Ол соңғы төрт апта бойы тергеуде, бірақ ресми айып тағылған жоқ. Хагеннің қорғаушысы да ешқандай мәлімдеме жасамады.

Бастапқыда Хагендер отбасы Анна-Элизабетті босату үшін ақша талап еткенін мәлімдеді. Норвегиялық журналистер тіпті сомасын атады - монеро криптовалютасында 10 млн доллар.

Алайда, сейсенбіде баспасөз мәслихатында полиция инспекторы Томми Брескенің мәлімдеуінше, ешқандай ұрлау болған жоқ, ешқандай бопсалау болған жоқ, бірақ тергеуді аяқтауға тырысудың барлық нұсқаулары болған.

Бұл оқиға кісі өлтіру мен ұрлау сирек кездесетін Норвегия халқын қызықтырды.

Норвегиялық Kapital іскерлік басылымының мәліметтері бойынша Том Хагеннің байлығы 200 миллион долларға бағаланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр