Nokia қатерлі ісікті болжайтын білезік әзірлеп жатыр
Nokia компаниясы онкологиялық аурулардың пайда болуын болжайтын білезік әзірлеп жатыр. Құрылғы адам қанындағы холестерин, қант және сүт қышқылын сканерлейтін болады.
Бұл туралы CNBC арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Nokia компаниясының бас директоры Раджив Сури қатерлі ісікке болжам жасайтын ерекше білезік әзірленіп жатқанын айтты.
Кәсіпкердің айтуынша, құрылғы арқылы қатерлі ісіктің алдын алуға болады, себебі білезік адам қанындағы холестерин, қант және сүт қышқылын сканерлей алады. Сондай-ақ, Nokia-ның бас директоры 5G-коммуникацияның пайда болуымен медицинада үлкен серпіліс күтілуде деп санайды. Бұл жағдайда ақпарат алмасуда ешқандай кідіріс болмайды.
«Мысалы, Чикагодан келген дәрігер роботты пайдалана отырып, Тайваньда науқасқа ота жасап жатыр деп елестетіп көріңіз. Оған науқасқа не болып жатқаны туралы дереу ақпарат керек болады», – деген директор жаңа құрылғының артықшылықтарын атады.
Жіберіп алмаңыз:
Сауд Арабиясының тұрғындары түйелерге ботокс жасатқан
Автокөлік қағып кеткен әйел орнынан тұрып кетіп қалды (видео)
Жантүршігерлік өлім: Студент көрші қызды өлтіріп зорлап, соңынан өзіне қол салды
20 жастағы жігіттің анасы ұлының Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болғанын білмейді