Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ninety one Отбасына қосыл: Қаржылық сауатыңды арттырып, сүйікті топпен кездесу мүмкіндігіне ие бол!

Өз қаражатыңызды сақтаудың және оны көбейтудің жолын іздеу қазіргі заманның басты талабы. Ертеңгі күнге сенімді болу үшін қаржы сауаттылығын арттыруды бүгін бастау қажет. Бірақ ақпарат кеңістігіндегі күрделі қаржылық бағдарламалар көпшілікті қызықтыра алмай жатады. Алайда енді Отандық танымал Ninety One тобы қаржылық сауаттылық негіздерін жеңіл тілде түсіндіріп, қаражатты оңтайлы жұмсау не жинау жолдарын түсіндіретін болады. Қызықты әрі пайдалы шығарылымдарды Отбасы банктің YouTube арнасынан көруге болады.

Отбасы банк YouTube арнасында жариялаған алғашқы сабақта топ мүшелері өздерінің қаржылық сауаттылықтарын қалай арттырып келе жатқаны туралы айтып беріп, өз тәжірибелерімен және лайфхактарымен бөліседі.

"Қаржылық қор сізге акциялар мен облигацияларға, жылжымайтын мүлік, зейнетақы шоттары және депозит сияқты әртүрлі қорға ақша салуға мүмкіндік беріп, ақшаны көбейтуге және болашақ үшін уайымсыз өмір сүруге жол ашады. Мысалы, мен өзімнің қаржылық шығындарымды тізімдеп, оларға қажетті сомманы белгілеп қоямын. Менің жоспарымдағы ең басты мақсатым айына 400 мың теңгені Отбасы банктегі шотыма жинап, арманымдағы үйді алғым келеді", - дейді Ninety One тобының мүшесі ACE, яғни Азамат Ашмақын.

Азаматтың қаржылық жоспарындағы өзге де тармақтарымен танысу үшін Отбасы банк арнасындағы Қаржылық сауаттылық сабағының алғашқы бөлімін қарап шығыңыз. Бұл бөлімде топ мүшелері өздерінің ақша жинау тәжірибелерімен бөлісіп, жинаған ақшаны қандай мақсатта қолданатындарын айтып береді.

Ал екінші бөлімде Ninety One тобы өздерін қаржылық сауаттылыққа баулыған алғашқы ұстаздары туралы сөз қозғап, бала кездеріндегі қызықты оқиғалармен бөліседі.

"Өкінішке қарай біздің мектептерде қаржылық сауаттылықты үйретпейді. Сондықтан біз өскеннен кейін ғана осы нәрсені үйрену керек боламыз. Біздің басымыздан өткен оқиғаларды өздеріңізде көріп отырсыздар, бұл оңай дағды емес, бұл үлкен жұмыс, skill (кәсіби дағды – ред.). Біреудің табиғи икемі болады не біз секілді ақырындап үйреніп, қателесіп, сабақ алып, дұрыс жолын іздеу керек. Бұған шыдам мен уақыт керек", - дейді топ мүшесі Zaq, яғни Дулат Мұхамедқалиев.

Сонымен қатар, екінші бөлімде Ninety One тобы қаржылық сауаттылық жайлы кітаптарды оқуға кеңес беріп, өз өмірлеріне өзгеріс алып келген бірнеше кітаппен бөліседі.

Айта кетейік, осы бөлімде айтылған төрт кітапты, яғни Джордж Клейсонің "Вавилондағы ең бай адам" шығармасының қазақ және орыс тіліндегі нұсқасы, яғни 2 кітапты, Юваль Ной Харридің "Sapiens" кітабын, Даулет Арманович "1 000 000 в инвестициях на пальцах" кітабын және Ninety One мерчін алу үшін #NinetyOneOtbasy челленджіне қатысыңыз. Ол үшін TikTok желісінде өзіңіздің белгілі бір мақсатта қаражат жинау оқиғаңызбен бөлісіп, қаржы қорын жинақтау процесі туралы ақпаратты осы хэштекті белгілеп, желіге жүктеп жүріңіз. Топ мүшелері үздік оқиғаны таңдап, оларға арнайы сыйлықтар ұсынатын болады.

Ал сүйікті тобыңызбен кездесу үшін Отбасы банктің YouTube арнасындағы сабақтарды көріп шығып, әр сабақтың тақырыбына сай өзіңізді қызықтыратын қаржы саласына қатысты сұрақтарды видео астына қалдырыңыз. Ninety One тобы үздік сұрақтарды таңдап, оны қойған адамдармен бетпе-бет кездесіп, сұрақтарға жауап беретін болады.

Талқылау