"Ninety One болмаса, біз де болмас едік": Ильхан Ихсан өнердегі әріптестеріне қатысты пікір білдірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Ильхан Ихсан жас әншілерге қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі AIQAP подкастына берген сұхбатында отандық музыка индустриясын талқылады.
“Ninety One болмаса, біз де болмас едік. Біз – мен, Sadraddin, Kalifarniya, Мирас және тағы басқалар. Қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі музыкаға жол ашқан алғашқы топ – осы жігіттер. Бұған дейін бізде ондай масштабтағы бейнебаян да, рэп пен попты сәтті үйлестірген әндер де болмаған", – дейді Ильхан.
-
"Ақшаның орнына ноутбук берді": Ильхан Ихсан әріптесі Қайрат Нұртаспен не байланыстыратынын айтты
-
"-ов" жалғауынан бас тарттым": Әнші IL’HAN тегіне қатысты сұраққа жауап берді
Одан кейін әнші плагиатқа қатысты ойын айтты.
“Әлі күнге дейін ән ұрлайтындар бар. “Марс” деген әнімді шетелдің әншісінен алғанмын. Оны мойындаймын. Сол сияқты ән жазғым келді. Халық оны біліп қалды. “Шетелден ән ұрлап алыпсың” деп жазды. Мен сол кезде әннің шаблонын шетелдік эстрададан алғанымды жасырмадым. Ән алғанда түгел нотасын көшіріп алмаймын. Әннің атмосферасын бергім келеді”, – деді әнші.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
