Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерияда 500 адам «азаптау үйінен» босатылды. Олардың арасында бес жасар бала да бар

Нигерияда полиция 500-ге жуық ер адам мен балалар жыныстық зорлық-зомбылық пен азап үйінен босатылды. Олардың ең кішісі бес жаста, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі BBC -ге сілтеме жасап. 

бала дене

Полицияның мәліметінше, ол үй мұсылман мектебі деп саналған.
Кадуна қалалық полициясының бастығы Али Джанга BBC-ге үйге кіргенін айтты. Ол көргендерін «азаптау үйі» және қазіргі құлдық мекені деп атады.
Сегіз адам қамауға алынды, олар сол жерде мұғалім болған. Полиция басшысы босатылғандардың кейбірі мүлдем тамақтанбағанын және ұрып-соғу белгілері болғанын айтты.

Тұтқындар ол жерде өздерін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр еткенін және аз тамақ бергені туралы айтады. Сондай-ақ, кетуге рұқсат бермеген. Мұндай жағдай бірнеше жылдан бері созылдып келіпті.

«Мені мұнда жеті ай аяғымды байлап ұстады. Олар өздерін мұсылман орталығы деп атайды. Егер ол жерден кетуге тырыссаңыз, жазалайды. Сол үшін адамдары аяғынан байлап, төбеге асып тастайды", - деді Белл Хамза БАҚ өкілдеріне. 

Кейбір балалар бұл жерге өздерін туыстары Құран оқу үшін әкеп өткізген екен. 
Екі бала полицияға ата-аналары оларды Буркина-Фасодан оқуға жібергендерін айтты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, босатылғандардың көпшілігі Нигерияның солтүстігінде.

Мұсылман мектептері аймақта көп. Алайда, оның кейбіреулерінде заң бұзушылықтар жиі кездеседі екен. Мысалы, балаларды көшеде қайыр сұрауға мәжбүр ететіндері туралы бұрыннан айтылып келеді. 

Талқылау