Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниеті түзу емес жандар кедергі келтіреді: ҚМДБ қыз-келіншектерге намазды үйде оқуға кеңес берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қыз-келіншектер намазды үйде оқысын деген пәтуа шығарды. Себебі иеті түзу емес адамдар әйелдердің мешітте намаз оқуына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

намаз сток

Фото: depositphotos.com

Шариғат бөлімі бұл шешімді кейбір мешіттерде әйелдерге арналған арнайы орын жоқтығын ескере отырып жариялаған екен. 

“Кейбір мешіттерде әйелдерге арнайы орын ажыратылмаған болуы, тар болуы мүмкін. Сондықтан, ер кісілермен араласпау мақсатында және әйелді қорғау мақсатында, әртүрлі бүлікке себепкер болмас үшін деп осындай түсіндірме жұмыстары жүргізіледі”, – деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Қожамұратов. 

Негізінен қыз-келіншектердің мешітте намаз оқуына қатысты қоғамда түрлі пікір қайшылығы бар. Діни басқарманың бұл шешімі тұрғындар тарапынан қолдау табуда. Айтуларынша, алдымен әйелдің өмірін сақтау аса маңызды. Ал кейбір қыз-келіншектер Алла үйіне бару оларға да міндетті болуы керегін айтады. Себебі қоғамда әйелдердің де діни қызметке қатысуы маңызды екен.  

Талқылау