Нидерландыда үй жұмыртқасынан бас тартуға шақырып жатыр
Нидерландыда тұрғындарға үй жұмыртқаларын жеуге тыйым салып жатыр. Олардан қауіпті химиялық заттар табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Енді адамдарға тек дүкен өнімдерді тұтынуға кеңес берілді. Қоғамдық денсаулық сақтау институты үйдегі жұмыртқалардың құрамынан деңгейі жоғары PFAS химиялық затын анықтады. Бұл қосылыс “мәңгі жойылмайтын химиялық зат" ретінде танымал. Олар табиғи түрде ыдырамайды және адам денсаулығына зиян.
Сарапшылар бұл қауіпті заттарды нидерландтар басқа өнімдермен бірге тұтынатынын мойындайды. Тіпті ауыз су құрамында да бар екен. Бұл ел үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Сондықтан институт үйдегі жұмыртқадан бас тарту синтетикалық қосылыстарды тұтынуды азайтады деп санайды. Қазір ғалымдар PFAS-тың жұмыртқаға қалай енгенін анықтауға тырысып жатыр. Мұның себебі тауықтар жейтін жауын құрттары болуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Нидерландыда отшашуларды сатуға және пайдалануға толығымен тыйым салынатынын хабарлаған едік.