Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі сәби қаза тапты

Атырау облысында қайғылы жол апаты болып, екі сәби қаза таптыВидеодан скрин 

Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасында екі сәби қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauOil-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақпаратқа сәйкес, 26 наурыз күні Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ауыр жол апаты орын алған.

“Toyota Estima” жеңіл көлігі мен “Opel” минивэні соқтығысқан. Toyota көлігінде бір отбасы болған. Бір сәби оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізіліп, кейін алған жарақаттары салдарынан көз жұмды”, – делінген хабарламада.



Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты фактісі бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

“Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген ақпаратта.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 19:06