Қазақстанда 2026 жылғы көктем мен жаз қандай болады: Ауа райынан не күтеміз

“Қазгидромет” 2026 жылдың жылы кезеңіне – сәуірден қазанға дейінгі маусымдық болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы көбіне нормадан жоғары болады, ал жаздың соңына қарай жауын-шашын тапшылығы күшейеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы сәуір
Сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Нормаға жақын көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында болжанады.
Жауын-шашын жалпы алғанда нормаға жуық болады, алайда батыста (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары), сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нормадан көп жауады (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары, Жетісу облысы, ШҚО және Абай облысының оңтүстік-шығысы).
2026 жылғы мамыр
Мамырда температура елдің көп бөлігінде шамамен 1 градусқа жоғары болады. Нормаға жақын температура шығыс пен оңтүстік-шығыста, сондай-ақ кейбір орталық өңірлерде күтіледі.
Жауын-шашын:
- елдің басым бөлігінде – нормаға жуық;
- нормадан аз – солтүстік өңірлерде (Қостанай, СҚО, Ақмола облыстары), сондай-ақ батыс пен орталықтың кей аймақтарында.
2026 жылғы маусым
Маусымда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде нормаға жақын болады.
Жауын-шашын:
- жалпы нормаға жуық,
- нормадан төмен – Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау мен кейбір орталық өңірлерде.
2026 жылғы шілде
Шілдеде температура негізінен нормаға жақын болады. Алайда батыс өңірлерде (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары) ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін.
Жауын-шашын біркелкі түспейді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта нормадан көп болса, батыс өңірлерде нормадан аз болады.
- "Температура нормадан жоғары болады": Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- Алматы ауасын ең көп не ластайды: Ғалымдардың зерттеу нәтижелері жарияланды
2026 жылғы тамыз
Тамызда Қазақстанның басым бөлігінде температура қайтадан нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.
Жауын-шашын көбіне нормадан төмен, тек жекелеген өңірлерде (батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыстың бір бөлігі) нормаға жуық.
2026 жылғы қыркүйек
Қыркүйекте температура елдің көп бөлігінде шамамен 1 градусқа жоғары болады. Нормаға жақын көрсеткіштер Жамбыл, Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Түркістан мен Ұлытау облыстарының шығыс бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында және Солтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік-шығысында күтіледі.
Жауын-шашын негізінен нормадан төмен, тек кейбір солтүстік, шығыс және ішінара оңтүстік өңірлерде нормаға жақын болады.
2026 жылғы қазан
Қазанда да жылы ауа райы сақталады, температура көп аймақта нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын көбіне нормадан төмен, батыс пен оңтүстік-шығыстың жекелеген өңірлерінде ғана нормаға жуық болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жел күшейіп, кей өңірлерде шаңды дауыл болатынына байланысты 15 өңірге ескерту жасалғаны хабарланған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған