Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялауды аяқтады

Шымкентте Boeing ұшақтарына қызмет көрсететін орталық ашыладыФото: pixabay

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне Қазақстанның Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды эвакуациялауды аяқтағанын мәлімдеді. Жалпы саны 10 275 қазақстандық елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жерүсті және әуе бағыттары арқылы түрлі маршруттармен жүргізілген.

“Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп, отандастармен тұрақты байланыс орнатты және азаматтарға қажетті көмек көрсетті”, – делінген хабарламада.



Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтардың елге қауіпсіз оралуына көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.

STAN.KZ
Сенбі, 14 Наурыз, 2026 13:48