АҚШ ең мықты қаруын сынап, Таяу Шығыс тарихындағы ең қуатты бомбалаудың бірін жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп ең мықты қаруын сынап, Ирандағы Харг аралындағы барлық әскери нысандарды толық жойды. Ол мұны “Таяу Шығыстағы ең ірі бомбалаулардың бірі” деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде операция туралы жазғанды.
"Біздің қаруымыз әлемде бұрын-соңды қолданылған ең мықты әрі жетілдірілген қару. Бірақ мен әдеп үшін аралдағы мұнай инфрақұрылымын бұзбауды таңдадым. Дегенмен, егер Иран немесе басқа біреу Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін әрі қауіпсіз өтуіне кедергі жасаса, мен бұл шешімді қайта қарауға мәжбүр боламын", – деді ол.
Президент сонымен қатар Иранның бұл шабуылдарға қарсы тұра алмайтынын жеткізді.
"Иран біз шабуыл жасағымыз келетін нәрсені қорғай алмайды – олар ештеңе істей алмайды! Иранның ядролық қаруы ешқашан болмайды. Олар Америка Құрама Штаттарына, Таяу Шығысқа немесе бүкіл әлемге қауіп төндіре алмайды! Иран армиясына және осы террористік режимге қатысы бар басқа барлық күштерге қаруды тастап, елінде қалған аз ғана нәрсені сақтағаны дұрыс болар еді", – деп қосты ол.
Аксес порталы хабарлағандай, Харг аралы арқылы әлем нарығына шығатын Иран мұнайының шамамен 90 пайызы өтеді. Бұл оны елдің ең стратегиялық маңызды энергетикалық нысандарының біріне айналдырады. Телеграф газеті жазғандай, АҚШ Харг аралын басып алса, Ирандағы режимді бақылауға болады. Бірақ бұл үшін құрлыққа өз әскерін кіргізудің қажеті жоқ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?