Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көп өңірде күн жылиды: Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады

наурыз Фото: freepik.com

Қазгидромет еліміз бойынша 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі құрғақ ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамынша, кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы әрі құрғақ ауа райын әкеледі.

Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі және бұрқасын болады. Республика бойынша тұман болжануда. 



Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3, +15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан +5°С-қа дейін болады.

STAN.KZ
Жұма, 13 Наурыз, 2026 16:42