"Халатын ашып, кеудесін ұстаған": Алматыда қыздың үйіне барып жыныстық сипаттағы қысым көрсеткен курьер 7 тәулікке қамалды

Алматыда бойжеткеннің үйіне барып, жыныстық сипаттағы қысым көрсеткен гүл тасушы курьер жеті күнге қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда сот курьерді қызға тиісу ісі бойынша кінәлі деп таныды. Ер адам "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жеті тәулікке қамауға алынды.
“Полиция департаменті мен Алматы қалалық сотының хабарлауынша, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот оның әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша саралады”, – делінген хабарламада.
Ер адам кінәлі деп танылып, оған жеті тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Жәбірленуші курьерді сексуалдық сипаттағы әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткеніне қарамастан, іс әкімшілік өндіріс аясында қаралған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматылық ару үйіне келген курьердің өзіне қол жүгірткенін мәлімдеді. Айтуынша, ол халатымды ашып, кеудесінен ұстаған.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады