“Транзиттік аймақта қалып қойған”: SCAT әуе компаниясының 247 жолаушысы Тараз әуежайында түнеуге мәжбүр болды

Әлеуметтік желілерде SCAT әуе компаниясына тиесілі Фукуок – Тараз – Екатеринбург бағыты бойынша ұшқан рейстің жанармай құю үшін Қазақстанға қонғаны туралы ақпарат тарады. Рейстегі жолаушылар өздеріне тамақ берілмегенін, қонақ үй ұсынылмаған, түнді әуежайда өткізуге мәжбүр болғандарын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Bazabazon басылымының ақпаратына сәйкес, рейстің ұшуы алдымен бір сағатқа, кейін тағы бірнеше рет кейінге шегерілген. Әуе компаниясы өкілдері нақты түсініктеме бере алмаған, ал "жедел желі" байланысқа шықпаған.
Нәтижесінде 217 адам әуежайдың транзиттік аймақта қалып қалған. Құжат жүзінде қабылдаушы тарап Ресей болып көрсетілгендіктен, жолаушыларға транзиттік аймақтан шығып, Қазақстан аумағына өтуге рұқсат берілмеген.
Куәгерлердің айтуынша, адамдарға ыстық тамақ пен су тек сегіз сағат өткеннен кейін, түнгі сағат бірлер шамасында берілген. Тағы сегіз сағаттан соң таңғы ас ұсынылған. Осы уақыт бойы жолаушыларға кідірістің нақты себептері туралы ақпарат берілмеген. Тек бір рет әуе компаниясының өкілі әуе кемесінің командирі қауіпсіздікке қатер төнуіне байланысты техникалық ақауға байланысты ұшуды жалғастырудан бас тартқанын хабарлаған.
Air Astana ұшағы дәретханалардың істен шығуына байланысты Пекинге шұғыл қонды
Ұшақты жөндеуге қажетті бөлшек Алматыдан Таразға бөлек рейспен жеткізілген.
SCAT Airlines әуе компаниясының баспасөз қызметі анықталған барлық ақаулардың жойылғанын және әуе кемесінің рейсті орындауға толық дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар компания жолаушыларға тамақ пен демалу жағдайлары ұсынылмағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Ұшуға дайындық барысында әуе кемесіне қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды. Ұшу күтілген кезеңде жолаушыларға үш рет тамақ берілді. Сондай-ақ суық және ыстық сусындармен және көрпелермен қамтамасыз етілді. Барлық техникалық жұмыстар аяқталды, әуе кемесі жарамды және рейсті орындауға дайындалуда. Әуе компаниясы жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Жолаушылардың қауіпсіздігі әуе компаниясының басты басымдығы", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Ыстамбұлдан Ақтөбеге ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы Ақтау қаласына қонды. Наразылық білдірген жолушылар ұшақтан түсуден бас тартқан еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты