Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сасық иіс бүкіл үйге жайылған": Алматыда бір бөлмелі пәтерде 20-ға жуық мысық асыраған зейнеткерге көршілері наразы

Фото: Сюжет кадрларынан скрин

Алматыда бір бөлмелі үйінде 20-ға жуық мысық асыраған жалғызбасты зейнеткерге көршілері шағымданды. Айтуларынша, оның үйі өте лас, сасық жағдайда. Тіпті мысықтардың нәжісі жиналмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарияның көршілері есік-терезені ашпақ түгілі, ауланың өзінде еркін тыныстай алмай жүргендерін алға тартты. Айтуларынша, оларды жалғызбасты көршісі мезі қылған. Пәтерде тұратын әжей бастапқыда бір ғана мысық асыраса, соңғы бес жылда үй жануарларының саны жиырмаға жеткен. Соған қарамастан тазалық жасалмаған. Салдарынан айналаны сасық иіс басқан.

“Әжей үйінде 17 мысық асырайды. Екі күн бұрын пәтеріне кіріп көрдім. Ішінде адам тұрады деп айта алмайсың. Сұмдық! Не мысықтарына, не үйіне қарауға шамасы жоқ. Сасық болғаны соншалық иісі бүкіл үйге жайылған. Тазалық жоқ жерде ауру да тарайды ғой. Пәтерден қоқыс та талайдан бері шығарылмаған”, – деді Анастасия Радаева.

Салдарынан пәтерге шыбын қаптаған. Қазір әсіресе төменгі қабатта тұратындардың мазасы қашып отыр.



“Жазда үйдің төбесінен қара су ақты. Бәрін жөндеп, үстімдегі көршіге бардым. Үйін көріп шошыдым. Адам тұратын жер емес сияқты. Мысықтар еденге үлкенді-кішілі дәретіне дейін сындырған. Бір шара қолдану керек”, – деді Ирина Лобода.

Көршілері талай рет 102 шақырған. Поицейлер пәтер иесіне тек айыппұл сала алатынын айтқан. Ал кейін келген тәртіп сақшыларына зейнеткер есігін ашпай қойған. Олиция департаменті тұрғындарға бірлесіп арыз жазу керек екенін айтады. Тек содан кейін қораға айналған қаланың қақ ортасындағы пәтерді тексеруді санитария-эпидемиологияны қадағалау департаментінің мамандарына тапсырмақ.

STAN.KZ
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 12:51
Талқылау