Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер есекті бояп, “зебраға” айналдырған: Желі қолданушылары ер адамды жазалауды талап етуде

Видеодан скрин

Қазақстандық блогер есекті бояп, “зебраға” айналдырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде Нұрсұлтан Сағатбек есімді қазақстандық блогердің есекті жолақтармен бояп, зебраға ұқсатпақ бояған видеосы тарады. Автордың өзі жариялаған видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Қазақстандықтар блогердің әрекетін жануарға қатыгездік деп бағалап, химиялық заттар қосылған бояудың жануарға зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Желі қолданушыларының айтуынша, бояу құрамында ксилол, метилацетат немесе бутанол сияқты зиянды еріткіштер бар.


"Бұл — жабайылық": Шымкенттегі хайуанаттар бағында ер адам түйеқұсты тепкілеу үшін қоршауға шыққан

"2 мыңнан астам есегі бар": Жамбыл облысында аштан қырылған есектердің иесіне айыппұл салынды


Қазақстандықтар блогерді жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша жазалауды талап етіп, eOtinish қызметі арқылы шағымданбақ.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында есек қаптап, төрт түлікті азықсыз қалдырғаны туралы жазған едік.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Қазан, 2025 22:09
Талқылау