Қытайда енді блогерлер дипломсыз медицина мен қаржы тақырыбында сөз қозғай алмайды

Фото: pixabay.com
Қытайда енді кәсіби тақырыптарда пікір білдіретін блогерлер өз біліктілігін растауға тиіс. Әйтпесе, оларға айыппұл салынып, аккаунттары бұғатталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытай үкіметі инфлюенсерлер мен контент авторларына арналған жаңа ережелерді бекітті. Енді медицина, қаржы, заң, білім беру немесе денсаулық тақырыптарында пікір білдіретін блогерлер міндетті түрде сол сала бойынша дипломы немесе ресми сертификаты барын дәлелдеуі қажет.
Жаңа талаптардың орындалуын Douyin (қытайлық TikTok) және Weibo секілді ірі интернет-платформалар бақылайды. Бұл компаниялар блогерлердің дипломдары мен біліктілігін тексеруге міндеттеледі. Егер ережелер бұзылса, аккаунттар жабылып, 100 мың юаньға дейін (7 миллион 550 мың теңге) айыппұл салынады.
-
Ресейлік әнші Акмалдың Қазақстанда өтетін концерттері тоқтатылды
-
Атырауда “қыз алып қашып”, пранк түсірген үш жігіт айыппұл арқалады
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама жалған ақпараттың таралуымен күресіп, интернеттегі контент сапасын арттыруға бағытталған. Алайда жаңа шектеулер қоғамда қызу талқылау туғызды. Бір тарап бұл шараны фейктерден қорғау амалы деп есептесе, енді біреулер мұны сөз бостандығы мен тәуелсіз блогингке қауіпті деп санайды.
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?