Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте сотта заттай дәлелдемелермен жұмыс істеген қызметкер есірткімен ұсталды

Фото: freepik.com

Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың бұрынғы қызметкері есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, өткен демалыс күндері полиция әйелді тоқтатып, одан синтетикалық есірткі салынған (закладка) тапқан. 

“Кейін белгілі болғандай, ол сотта архивариус болып істеген. Демек, заттай дәлелдемелерге қол жеткізе алатын маман болған. Сол себепті сотта дүрбелең болған”, – деп жазды Козачков. 

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

“Есірткі затын сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары айыптау қорытындысымен бірге прокуратураға жолданды”, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



Ал Шымкенттегі соттың баспасөз қызметі әйелдің қазір сотта жұмыс істемейтінін айтты.

“Ол 2025 жылғы 16 шілдеден бастап Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жетекші маман лауазымына өту үшін сынақ мерзімінен өтіп жүрген. Сынақ кезеңінде өз еркімен жұмыстан шықты. Қазіргі уақытта ол сотпен еш байланыста емес”, – делінген ресми хабарламада. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 17:50
Талқылау