QazaqGaz-дың еншілес компаниясы заңсыз ұңғымалар үшін 1,2 миллиард теңге айыппұл төледі

Фото: pixabay.com
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында компания Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыманы міндетті экологиялық рұқсатсыз бұрғылаған. Компанияға 1,2 миллиард теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарт агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облысының прокуратурасының мәліметінше, облыстық экология департаменті "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ы филиалының қызметіне тексеру жүргізген.
“Тексеру барысында, Шалқар ауданындағы Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыма міндетті экологиялық рұқсатсыз бұрғыланғаны анықталды. Заңға сәйкес, атмосфераға зиян қалдықтарын шығару және өндірістік қалдықтарды орналастыруда қоршаған ортаға эмиссиялар үшін арнайы рұқсат қажет. Рұқсатсыз эмиссиялар нормативтен жоғары деп танылады және белгіленген лимиттен артық жинақталған. Көмілген қалдықтардың көлеміне қатысты он мың пайызы мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады”, – делінген хабарламада.
Тексеру қорытындысымен компанияға қатысты 1,2 миллиард теңге айыппұл салумен 4 әкімшілік материал тіркелген.
“Бүгінде компания 20 миллион теңге айыппұлды өз еркімен төлеп, қалған 1,1 миллиард теңгеден астам соммаға қатысты сотқа шағым түсірді. Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот шешімдерімен айыппұл салу туралы қаулылар күшінде қалды. Заңға сәйкес, компания бір ай ішінде 1,1 млрд теңге көлемінде айыппұлдың қалған сомасын төлеуге міндетті”, – деді ведомство.
Айыппұлдар белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алынады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік