Атырауда колледж студенті құрдас қызды аяусыз соққыға жыққан
Видеодан скриншот
Атырауда кәмелетке толмаған қызды аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Жилгородок саябағында болған. Кадрларда бір қыз екіншісін аяусыз ұрып-соғып, жұдырықпен ұрып, басынан теуіп жатыр. Жәбірленуші кешірім сұрап, одан тоқтатуын сұрайды.
"Жарайды, түсіндім, кешір, өтінемін. Болды... Кешір, өтінемін, енді қайталамаймын..." – дейді қыз.
Бірақ шабуылдаушы оны ұрып-соғуып жалғастырады.
Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Атырауда колледж студенттері арасында жанжал шықты. Төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қамалды. Барлық қатысушы профилактикалық бақылауға алынып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберілді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаға қатысты заң талаптарын дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Полицияға хабар бермей, жанжалдың видеосын түсіріп, таратқан жасөспірім де заңды жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
