Астанада қоғам белсендісі балалардың көз алдында күшік қағып кеткен
Видеодан скрин
Астанада қоғам белсендісі балалар көз алдында күшікті қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"За нами уже выехали" Telegram арнасының мәліметінше, Асқар есімді ер адам өзінің үш баласы үйінің жанында серуендеп жүргенде, олардың сүйікті жануарын жол талғамайтын көлік қағып кеткенін айтып шағымданған. Ер адамның айтуынша, оқиға балалардың көз алдында болған, қазір балалар психологқа барып жүрген көрінеді.
"Балаларым екі жылдан бері ит алып беруді сұрап жүрді, екі ай бұрын оларға күшік сыйладым. Олар күшікпен серуендеп жүрген, камерадан көрінгендей, әйел итті қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Егер тоқтап, "Кешіріңіз, байқамай қалдым" десе жақсы болар еді. Ол кетіп қалды, мен артынан қуып жеттім. Содан кейін оған: "Сіз не істедіңіз?" дедім. Соңында өз кінәсін мойындамайды. Патруль шақырттық, оған екі бап бойынша екі хаттама толтырылды. Жол апаты тіркелді", – деді ер адам.
Көлік тізгінінде астаналық қоғам белсендісі Сәуле Амантаева отырғаны белгілі болды. Амантаеваның айтуынша, ол "Тоқаевтың саясатын насихаттайтын ұйымның мүшесі" екен. Қоғам белсендісі сол күні іс-шарадан келе жатқанын және күйзелісте болғанын айтады.
"Ит үйдің ауласынан жүгіріп шықты. Ол кішкентай, ал көлік биік, мен оны көрген жоқпын, жанынан көліктің астына кіріп кеткен. Бірақ мен өзім 102-ге қоңырау шалдым, сол кезде иесі жүгіріп шықты. Бұл мен үшін де шок болды, содан кейін мен барлық айыппұлдарды толығымен төледім, наркологияға бардым, сараптама жасаттым", – деді Амантаева.
Сондай-ақ қоғам белсіндісі отбасыға басқа күшік беруді ұсынғанын айтады. Алайда олар бас тартқан. Ер адам моральдық және материалдық шығынды өтеу бойынша жалпы сомасы 2,5 миллион теңге талап етіп, сотқа жүгінген.
Сәуле Амантаеваның айтуынша, күшіктің иесі одан 2,5 емес, 10 миллион теңге талап еткен көрінеді.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
