Астанада жалған кәсіпкер төрт адамға автонесие алдырып, 270 млн теңге қарызға батырған

Фото: freepik.com
Елордада өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, төрт жәбірленушіге автонесие алдырған ер адам сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам төрт жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірген.
"Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген. Алайда көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына апарып, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты", – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген