Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұтып алған Iphone 16-ны бермей отыр": Блогер Aii парақшасында ұтыс ойнатамын деп дауға қалды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал блогер Аий ұтыс ойнатамын деп дауға ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еңлік есімді Threads қолданушысы блогер ойнатқан ұтысты ала алмай жүргенін жазды. 

“Осындай келеңсіз жағдай болып жатыр. 10 тамыз күні Аийдың парақшасынан ұтыс ойнатылып жатқанын көрдім. Дайсон мен Айфон және Freedom Bank-ке тіркелгені үшін ақшалай сыйлықтар беретінін айтты. Бірден ұтыс шарттарын орындадым. Ұтыс болатын уақытта кіріп, эфирді көріп отырдым. Мені кездейсоқ таңдап, iPhone 16 ұтып алғаныммен құттықтады. Жекеге хат жіберуімді өтінді. Мен жазып жібердім. Бәрі осы жерден басталды. Эфирде айтқан Еңлік С деген мен екенімді жаздым. Ол кезде сағат түнгі 23.00 шамасы еді. Таңертең жауап берер деп ойладым. Бірақ ол жауап берген жоқ. Ең қызығы, ол ойынға қатысты бүкіл сторисін өшіріп тастады. Үш күн өтті жауап жоқ. Оқырмандарын осылай алдай ма?! Күйеуі намаз оқиды, бөпесі бар. Бірақ өзі жағымсыз іспен айналысып отыр”, – деп жазды Еңлік. 



Желі қолданушысының жазбасынан кейін Freedom Bank өкілі аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. 

“Бұл байқауды Freedom Bank өткізген жоқ. Біздің ресми іс-шара емес екенін ескертеміз. Біздің брендтер туралы келісім болған емес”, – деп жазды банк өкілі.  

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 15:05
Талқылау
`