Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алгоритм жұмыс істемеді": Екі жылдан кейін Google Түркияда болған зілзала туралы 10 миллион адамға ескертуді дұрыс жібермегенін мойындады

Фото: pixabay.com

Google екі жылдан кейін Түркияда болған жойқын зілзалада жүйе жұмыс істемей, халыққа хабарлай алмағанын мойындады. 2023 жылдың ақпанында алдында шамамен 10 миллион адам Google-дың жер сілкінісі туралы ерте ескертуін алып үлгерсе, қауіпсіз жер табуға 30 секундқа дейін уақыты болар еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Take Action атты шұғыл хабарламаны бар болғаны 469 адам ғана алған. Бұл хабарлама қатты дыбыспен келеді. Ұйықтап жатқан адамдарды оятуға арналған. лық болатын, яғни аса қауіпті.

7,8 магнитудадағы алғашқы жер сілкінісі 6 ақпанда, таңғы 4:17-де болды. Көп адам ұйқыда жатқандықтан, 55 мыңнан астам адам қаза тапты, 100 мыңнан астамы жарақат алды.

Google өкілі BBC-ге берген түсініктемесінде, жүйе шұғыл емес Be Aware ("Сақ болыңыз") ескертуін ғана жібергенін айтқан. Бұл әлсіз сілкіністерге арналған және смартфондарда маңызды деп саналмайды.

Ал бұған дейін компания BBC-ге жүйе жақсы жұмыс істеді деп мәлімдеген.

Жүйе қалай жұмыс істеуі тиіс еді?

Android Earthquake Alerts (AEA) жүйесі Android жүйесі бар смартфондарда жұмыс істейді — Түркияда мұндай құрылғыларды халықтың шамамен 70%-ы қолданады.

Телефондар акселерометр арқылы сілкіністі сезіп, серверге сигнал жібереді. Сервер көптеген телефоннан түскен мәліметтерді талдап, сілкініс болып жатқанын, оның қуатын анықтайды. Кейін пайдаланушыларға ескерту жібереді.

Google сайтына сәйкес, Take Action және Be Aware ескертулері 4,5 магнитудалық және одан жоғары сілкіністерге арналған. Сондай-ақ MMI шкаласы (сілкініс әсерінің күші) да ескеріледі. Take Action — MMI 5-тен жоғары сілкіністерге ғана беріледі.

Алайда Түркияда болған жағдайда жүйе сілкіністің күшін дұрыс бағаламай қалды. Алғашқы 7,8 магнитудалық сілкініс 4,5–4,9 деп бағаланған. Екінші сілкініс те дәл солай болған.  Take Action тек 8 158 адамға ғана жіберілген. Ал Be Aware – 4 миллион қолданушыға жеткен.



BBC тілшілері алғашқы сілкініске дейін шұғыл хабарлама алған адамдарды табуға тырысып, бірнеше ай бойы жүздеген адаммен сөйлескенімен, ешкім мұндай хабарлама алмаған. Google бастапқыда мұны адамдардың басқа нәрсеге назар аударуымен түсіндірген.

Кейін Google зерттеу жүргізіп, нәтижесін Science журналында жариялады. 

"Жоғары магнитудалық сілкіністер үшін алгоритмді дәл баптау – кез келген ерте ескерту жүйесінің қиын тұсы", – деп түсіндірді компания. 

 Google жүйесі ұлттық ескерту жүйелерін алмастырмайтынын, тек қосымша құрал екенін айтады. Алайда сарапшылар кей елдер мұндай жүйеге тым сеніп, өз ескерту инфрақұрылымын елемеуі мүмкін екенін жеткізді.

"Бұл ақпараттың жария болуына екі жылдан аса уақыт кеткені мені шын мәнінде қынжылтады. Бұл жай оқиға емес – адамдар қаза тапты. Жүйе өз деңгейінде жұмыс істемеді", – деді School of Mines профессоры Элизабет Редди, Colorado.

Google-дың айтуынша, зерттеулер жүйенің сапасын жақсартқан. Қазіргі таңда AEA жүйесі 98 елде жұмыс істейді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 10:52
Талқылау
`