Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорктегі биік ғимараттардың бірінде ер адам атыс шығарып, бес адам қаза тапты

Шейн Тамура - атыс шығарған адамФото: ndtv.com

Нью-Йорк мэрі мен полициясы Манхэттендегі зәулім ғимараттағы атыс кезінде ер адамның қолынан төрт адам, оның ішінде полиция қызметкері қаза тапқанын растады. Ғимаратта оқ жаудырған адам артынша өз-өзін атып тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, атыс шығарған адам өз-өзіне қол жұмсаған, қылмыс себептері белгісіз. Билік мәліметінше, оның психикалық проблемалары болған.

Бұған дейін оқ атқан адаммен қоса бес адам қаза тапқаны туралы БАҚ-та тараған ақпаратты Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс баспасөз мәслихатында растады.

Нью-Йорк полициясының комиссары Джессика Тиштің айтуынша, Лас-Вегастың 27 жастағы тұрғыны Шейн Тамура биік ғимаратқа қолындағы M4 автоматымен кіріп, бірден оқ жаудырып, полиция қызметкері мен тағы екі ер адамды атып өлтірген.

Содан кейін ол жеделсатымен Ruden Building Management фирмасы орналасқан қабатқа көтеріліп, сол жерде оқ ата бастаған. Кейінірек сол жерде оқ жарақатынан қаза болған әйелдің денесі табылған.

Сонан соң Тамура фойеге түсіп, өзін-өзі атқан.

Комиссар Тиштің айтуынша, Тамура үш күнде бүкіл елді аралап, Нью-Йоркке атыс қимылына кірісер алдында жеткен.

Нью-Йорк полициясы Лас-Вегас билігінен алған ақпаратқа сәйкес, Тамураның психикалық денсаулық мәселелері бойынша құжаты болған.

"Оның қылмсы жасау себептері тексерілуде және біз оның неліктен дәл осы орынды таңдағанын түсіну үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді Нью-Йорк полициясының комиссары Джессика Тиш.

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 09:45
Талқылау
`