Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған (видео)

Министрліктер үйіФото: egov.kz

Астанада 24 жастағы жігіт Министрліктер үйінің кіреберістерінің біріне өрт қоймақ болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам кіреберістегі турникетке жандырғыш қоспа лақтырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде оқиға орнынан видео жарияланды. Видеодан өрт шалған аумақты көруге болады.

Төтеншеліктердің мәліметінше, Министрліктер үйінің кіреберістерінің бірінде таңертең автоматты өрт дабылы іске қосылды. Оқиға орнына астаналық департаменттің өрт сөндірушілері жеткен.

"Белгісіз ер адам ғимаратқа кіріп, турникетке тұтандырғыш қоспа лақтырған, соның салдарынан шамамен 2 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Жалын өрт сөндіргіштің көмегімен толығымен сөндірілді", – делінген хабарламада.

Ғимарат іші толық тексерілді. Зардап шеккендер жоқ.

Астана полиция департаменті өкілдері күдікке ілінген 24 жастағы ер адам ұсталғанын мәлімдеді.

"Өртті төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 14:34
Талқылау