Неліктен Қазақстанда доллардың ықпалы әлсіреп жатыр: Салым иелері жинақтарын неге теңгеге ауыстырады?
Қазақстандық салымшылардың таңдауы өзгеріп келеді. Бұрын доллармен ашылған депозиттер жинақтаудың ең сенімді жолы болып саналса, бүгінде басымдық басқада. Көптеген қазақстандықтар шетел валютасындағы шоттарын жауып, ақшасын қысқа мерзімді теңгелік депозиттерге аударып жатыр.
Статистикада доллар салымдарды төмендеп жатыр
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 2025 жылы долларлық салымдардан ақша жаппай алынып жатыр. Оның орнына 3–6 айлық мерзімге, жоғары пайыздық мөлшерлемемен теңгемен салым ашатындар көбейген.
– 2025 жылдың қаңтарында валюталық депозиттердің көлемі 1,4%-ға азайып, 9,2 триллион теңгені құрады. Жалпы салымдар ішіндегі доллардың үлесі 22,7%-ға дейін төмендеді;
– Мамыр айына қарай жеке тұлғалардың валюталық салымдары тағы 0,5%-ға қысқарды.
Бұл жай кездейсоқтық емес. Халықтың шетел валютасынан бас тартуының негізгі себебі – қазіргі таңда теңгелік салымдар тұрақты табыс әкеліп отырғаны. Одан бөлек, ақша қысқа мерзімге салынатындықтан, қажет болған жағдайда оны тез шешіп алу ыңғайлы.
Неліктен қысқа мерзімді теңгелік депозиттер ұтымды?
Қазақстанда қысқа мерзімді депозиттердің танымал болуы тек жоғары пайыздық мөлшерлемемен ғана байланысты емес. 2025 жылы салымшылар үшін мына үш басты фактор: табыс, икемділік пен қаржылық стратегияны шығынсыз қайта құру мүмкіндігі маңызды болды. Қысқа мерзімді салымдар дәл осы талаптарға толық сәйкес келеді.
Мұндай салымдардың артықшылықтары:
– Ликвидтілік. Егер депозитті 3–6 айға ашсаңыз, ол “тірі” қаржы құралы болып қала береді. Ақшаңыз тез арада қайта қолыңызға тиеді әрі оны қайта пайдалана аласыз;
– Икемділік. Егер салымды мерзімінен бұрын шешсеңіз, тек пайыздан ғана айырыласыз. Бірақ ұзақ мерзімді депозиттердегідей үлкен шығынға ұшырамайсыз. Демек шығын аз;
– Стратегиялық тиімділік. Негізгі мөлшерлеме өскен жағдайда қысқа мерзімді салымдар ақшаны үнемі қайта салып, жоғары табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл пайыздық мөлшерлеме жиі өзгеріп тұратын жағдайда өте маңызды;
Қысқаша айтқанда, 3 айға ашылған салым табыс табуға, нарықтағы жағдайды бақылап отыруға және пайыздық мөлшерлеме артқан жағдайда ақшаңызды жаңа, тиімді шарттармен қайта салуға мүмкіндік береді.
Банк сарапшыларының мәліметінше, 2025 жылда да мұндай құралдарға деген қызығушылық жойылмайды.
"Адамдар қысқа мерзімде көбірек табыс табу мүмкіндігін жібергілері келмейді. Клиенттер икемді стратегияға сенеді. Бірнеше айға ақша салып, максималды пайда алып, қажет кезде жаңа пайыздық мөлшермеге қайта ауысу қисынға сай әрі тиімді көрінеді", – деді Евразиялық банк мамандары.
Міне, дәл осындай тәсіл қазіргі уақытта жаңа нормаға айналып келеді. Банктер де, салымшылар да қысқа мерзім, жоғары мөлшерлеме мен ақшаны бақылауда ұстау арқылы ең тиімді әрі икемді қызметке қол жеткізуде.
Евразиялық банктің тиімді тәжірибесі
2025 жылдың маусым айында Еуразиялық банк өздерінің басты қысқа мерзімді өнімі – TURBO жинақ депозитінің шарттарын күшейтті.
Банк қандай шарттарды ұсынады:
– Мерзімі – 3 ай;
– Номиналды мөлшерлеме – 17,64%;
– ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) – 19%(жылына);
– ай сайын, капитализациямен пайызды есептеу;
– Минималды салым: 1 000 теңге;
– Қосымша салым немесе мерзімінен бұрын шешуге болмайды;
– Қаражатты қайтару кепілдігі: Салымдар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арқылы 20 миллион теңгеге дейін сақтандырылған.
Оңай есептеу: 3 айға 1 миллион теңге салсаңыз, табыс +44 800 теңге
Егер сіз 1 000 000 теңгені 3 айға 17,64% мөлшерлемемен (ГЭСВ 19%) салсаңыз, мерзім соңында шамамен 44 800 теңге табыс аласыз. Жалпы қайтарылатын сома шамамен 1 044 800 теңгені құрайды. 5 000 000 теңге салсаңыз, сол шартпен табыс шамамен 224 000 теңге болады.
Бұл жағдайда табыс үшін салық салынбайды. Барлық алынған қаражат клиенттің өзінде қалады. Теңгемен салым қазір инвестиция сияқты табыс әкеліп жатыр. Сонымен қатар мұнда тәуекел жоқ. Бұл қысқа мерзімді депозиттерді валюталық, тіпті көптеген инвестициялық өнімдерге қарағанда мықтырақ ете түседі.
Мұндай салымдарды кімдер таңдайды?
TURBO жинақ депозиті мына талаптарды қоятындарға:
– Инфляциядан асатындай табыс алғысы келетіндерге;
– Ақша тез қайтатын жүйе іздейтіндерге (90 күн ішінде қолжетімді);
– Қор нарығында тәуекелге барғысы келмейтіндерге;
– Жинақтарының өсуін күн сайын бақылағысы келетіндерге арналған.
Мұндай салымшылардың қатарында уақытша бос қаражаты бар шағын бизнес те, жеке кәсіпкер де, сондай-ақ үй сатып алуға, демалысқа немесе басқа мақсаттарға ақша жинап жүрген отбасылар да болуы мүмкін. Яғни, олар ақшаны тиімді сақтап, тұрақсыз кезеңді шығынсыз еңсеруді қалайды.
Бәріне түсінікті етіп қорытындыласақ
Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бүгінгі күннің жаңа нормасына айналуда. Бұл ымырамен жасалған амал емес, бұл – ойластырылған стратегия. Яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме, қысқа мерзім мен толық қауіпсіздікті құрайды.
Еуразиялық банктің TURBO жинақ салымы – бұл қаражатты ұзақ уақытқа бұғаттамай-ақ, еш қауіпсіз пайда табуға болатын нақты мысал.
Бүгінде теңге тек тұрақты валюта ғана емес, сонымен қатар ең тиімді жинақ құралы. Мысалы, 1 миллион теңгеден 3 айда 44 800 теңге, 5 миллионнан 224 000 теңге табуға болады. Бұл әр салымшының өз шотынан көре алатын нақты нәтижесі.
Шарттар туралы толығырақ eubank.kz-тен біле аласыздар!
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
