Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар әскери борышын өтеуді әр білім деңгейі бойынша бір рет кейінге қалдыра алады

Сарбаздар сапта тұрФото: t.me/modgovkz                             

Сенат депутаттары әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасына сәйкес, енді қазақстандықтар әскерге борышын өтеуді білім алу үшін тек әрбір білім деңгейі бойынша бір рет қана кейінге қалдыра алады. Сондай-ақ түзетулер әскери есепті автоматтандыруды көздейді. Әскерге шақырылғандарға хабарлама және eGov арқылы ескерту жіберіледі.

Бұған қоса мына ережелер енгізіледі:

- арнайы үйлестіру кеңестері арқылы республикалық және жергілікті деңгейде әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін енгізіледі;

- мектептер мен колледждерде әскерге шақыру алдындағы біліктілікті арттыру. Оқуды аяқтаған оқушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсу кезінде және келісімшарт бойынша қызмет өткеру кезінде жеңілдіктер беріледі.

Әскери борышын өтеген қазақстандықтар жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай-ақ, ақылы түрде түсе алады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар грантты өтеуге міндеттелмейді.

Бұдан өзге де әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен, 15 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшілердің балалары әскери жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдікке ие болады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 16:25
Талқылау