Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашаққа махаббатпен: Астанада Bank RBK қолдауымен Aldi Bi балабақшасы ашылды

18 маусым күні Астананың жаңа аудандарының бірі балалардың шат күлкісіне толды. Мұнда Bank RBK-ның қаржылық қолдауымен және ДАМУ қорының қатысуымен салынған заманауи Aldi Bi балабақшасы ашылды. Жарық әрі ашық түстерге толы заманауи сәулетпен салынған жаңа ғимарат тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымды біріктіретін, тіршілікке толы қалалық ортаны құруға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігіне айналды.

"Әрбір жобамыз – еліміздің дамуына үлес қосады. Дегенмен балалар туралы сөз қозғағанда жүрегіміз ерекше жылынатыны анық. Айта кетейін, Aldi Bi балабақшасы біздің банк қаржыландырған алғашқы жоба емес. BI Group-тың білім беру жобаларына қатысу – біздің әлеуметтік бағыттағы маңызды әрі ұзақмерзімді стратегиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Балабақша – бұл баланың алғашқы арман-қиялы қалыптасатын, қабілеттері ашылып, саналы өмір жолы басталатын ерекше орын. Біз сол жолдың жарқын әрі мейірімге толы болғанын қалаймыз", – деді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева. 

Сонымен қатар, Bank RBK басшысы жаңа балабақша жобасы заманауи архитектуралық шешімдермен, инновациялық білім беру тәсілімен жасалғанын және бұл әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосатынын атап өтті.

"Мұндай жобалардың қаламызды шынымен жайлы әрі қамқорлыққа толы ете түсетініне сенімдімін. Заманауи әрі әлеуметтік жауапты банк ретінде, әрдайым болашаққа қадам басатын жерлерден табыламыз" 

180-ге жуық баланы қабылдаған бұл балабақша Reggio Emilia білім беру әдістемесі енгізілген еліміздегі алғашқы мектепке дейінгі мекеме. Бұл әдістеме негізінде баланың жеке тұлғасына, шығармашылық әлеуеті мен ерекше ойлау қабілетіне басым назар аударылады. Мұнда әрбір бүлдіршін жай оқушы ғана емес, білім беру процесіне қатысатын тұлға ретінде қарастырылады. Балабақша кеңістігі балалардың қиялы мен өздігінен әрекет ету қабілетін дамытуға арнап арнайы жобаланған. Мұнда топтарға арналған жайлы бөлмелер, кең шеберханалар, ойынға, бір-бірімен араласуға арналған ашық аймақтар қарастырылған.

"Біз жай ғана жаңа балабақша салуды емес, балаларға шын мәнінде қызықты әрі жайлы болатын орта жасауды мақсат еттік. Бұл жобаның болашағы жарқын екеніне сенімдіміз. Себебі әрбір бала шабыт алатын, өзін тыңдайтын және қолдайтын қауіпсіз ортада өсуге лайық. Біз Bank RBK-ға кәсіби ұстанымы, жедел әрекеті мен жобаның бастапқы кезеңінен іске қосылғанға дейін серіктес болып, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Банкпен ынтымақтастық нақты әрі ашық жүргізіліп, жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді", – деді "Aldi BI" жобаларын дамыту бөлімінің жетекшісі Дамира Жамиева.

Бұл күні жаңа орынға балалар ғана ие болған жоқ. Балабақшаның ашылуы 50-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Мұнда тәрбиешілер, педагогтар, логопедтер, әкімшілік қызметкерлер, медицина қызметкерлері мен техникалық қызметкерлер жұмыспен қамтылды. Мұнда өз ісіне шын жүректен берілген, балалармен жұмыс істеуді мақсат еткен мамандар еңбек етеді.

Aldi Bi жобасы – әлеуметтік бағыттағы кәсіптің қалай жұмыс істеуі керек екенінің жарқын үлгісі. Ол адамдарға ерекше көңіл бөлу, дамуға ұмтылу және әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылысты көрсетті. Bank RBK бұл жобада тек қаржылық серіктес қана емес, сонымен бірге бақытты балалық шақтың мекенін құру тарихында бастамашылардың біріне айналды.

Aldi Bi балабақшасының ашылуымен ауданға жаңа тыныс келді. Ата-аналар, әжелер мен аталар балаларын әдемі жаңа ғимаратқа қуана алып барады. Кіреберісте алғашқы отбасылық суреттер түсірілсе, ішкі кеңістік балалар күлкісімен, жаңа тыныспен толығады. Осы сәтте жобаның әрбір қатысушысы мұндай игі істердің жалғасын табуы керек екенін түсінеді.

ҚНРДА 2021 жылғы 5 сәуірде берілген № 1.2.100/245/41 лицензиясы

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 14:09
Талқылау