4, 9-сыныптар бітіру кешін жасай ала ма: Оқу-ағарту министрлігі түсіндірді
Фото: pexels.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 4 және 9-сынып оқушыларына бітіру кештерін ұйымдастыру мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр “сынып сағатынан кейін оқушылар мұғалімдермен бірге киноға немесе серуен ұйымдастыра ала ма” деген сауалға жауап берді.
"Ең алдымен қауіпсіздік сақталып пен ақша жинау әрекеттері болмауы керек. Егер бұл заңнамаға қайшы келмей, балаларды тасымалдау қауіпсіздігі бойынша барлық ережелер әсіресе көлік шаралары міндетті түрде сақталуы керек. Егер мектеп директорының бұйрығы болса, балалардың барлық қауіпсіздік шаралары сақталса, әрине, мүмкін. Ал жай ғана алып, баруға тыйым салынады", - деді ол.
-
Қазақстанда мектептерде ақша жинауға заңмен тыйым салу қарастырылып жатыр
-
Қазақстандық мектептерде жыныстық тәрбие сабақтары пайда бола ма – Министр жауап берді
Бейсембаевтың айтуынша, ұйымдастырылған сапар кезінде балалармен патрульдік қызмет ертіп жүруі керек.
"Тек автобус алып, балаларды отырғызып бара салуға болмайды. Ережелер бар, егер балалар қандай да бір іс-шараларға ұйымдасқан түрде барса, олар қатаң түрде полицияның бақылауында болуы керек", - деп түсіндірді ол.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
