Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып сәбиін терезеден лақтырып жіберген
Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып, кейін сәбиін терезеден лақтырып жіберген. Жолаушылар қансыраған әйелді көріп жағдайды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Пойыз елордаға 20 сәуірде таңғы 5-те келуі керек болған.
Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткеннен кейін пойыз жолсерігі санитарлық аймақтан қан іздерін көрген. Кейін еденді жуа бастаған. Ол сондай-ақ бүкіл дәретхана қан болғанын және бұл жолаушыларды алаңдатып жатқанын айтқан.
Мұны естіген пойыз ішіндегі қыздардың бірі не болғанын анықтау үшін дәретханадан купенің біріне дейін созылған қан ізімен жүреді. Солай купе ішінен көрпеге оранып жатқан әйелді көреді. Көрпені жылжытқан кезде куәгер төсектің бәрі қан екенін көреді.
Кейін болған жайтты сұрай бастайды. Әйел пойызда өздігінен босанған болып шықты. Ең қорқыныштысы ол босанған соң баланы тікелей пойыз вагонының терезесінен лақтырып жіберген.
Дереккөздерге сәйкес, баланың денесі табылды. Өкінішке қарай, нәресте көз жұмған.
Көліктегі полиция департаменті осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның шеңберінде тиісті процестік шешімдер қабылданады. Болған оқиғаның мән-жайы белгіленеді.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
