“Өзіне қол салғанына сенбеймін”: Шымкентте мәйіті табылған жігіттің ағасы бауырының өліміне қатысты пікір білдірді
Шымкентте 20 күн бұрын із-түссіз жоғалып, мәйіті табылған жігіттің ағасы марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Марқұмның Instagram парақшасынан алынды
Марқұмның ағасының сөзінше, 20 жастағы жігіт Шымкенттен 15-қаңтар күні көлік құжатын алуы керек болған.
“Төлеметов көшесі жақтан табылды, 21 күн дегенде. Сол уақыт бойы асылып тұрмаған. Болса сол 20-күндері көз жұмған. Оған дейін ондай болмаған. Егер 20 күн бойы тұрса еттің бәрі іріп-шіріп кетеді ғой. Баланың денесі қазір сараптамада. Өзінің сөмкесінің бауына асылған. Ол енді аса салмақ көтермейді. Қолдан жасалған деп ойлаймын өзім”, – дейді Бәйдібек Еділбектің ағасы.
Жоғалған жігіттің жақындары полицияның соңғы екі-үш күнде ғана іздеуді күшейткенін айтады.
“Полицейлер соңғы 2-3 күнде жұмыс істеді. Оған дейін қимылдамады. Камерасының бәрін өзіміз қойып беріп отырдық. Оған дейін полициядан хабар болмады. Білгеніміздей Шымкенттегі камераның 5 пайызы ғана бақылап, қалған 95 пайызы айыппұлға жауап береді екен”,– дейді қайғыдан қан жұтқан Бейбарыстың ағасы.
Еске салайық, 14-қаңтар күні Түркістан облысынан Шымкентке келген жігіт үшті-күйлі жоғалған еді. Ұлдарын екі апта бойы іздеген 20 жастағы Бейбарыс Еділбектің туыстары оның әскери борышын былтыр ғана өтеп келгенін айтқан. Алда, жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап жүргенін жеткізген еді.
Ал 5 ақпанда Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіттің өлі күйінде табылғаны мәлім болған еді.