"Қалың қар жауып, бұрқасын болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді. Салдарынан қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қара аралас жаңбыр), көктайғақ, екпінді жел болады.
19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қалың қар жауады. 21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстікте және орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.
Республика бойынша тұман болады.
Түнде ауа температурасы еліміздің батысында 3 -13-градус аяздан 5 -18 градус аязға дейін, шығысында 10 -26 градус аяздан 7 -20 градус аязға дейін ауытқиды. Қалған аумақтарда ауа температурасы түнде
- солтүстік-батыста, солтүстікте 10 -20 градус аязға дейін,
- орталықта 13-25 градус аязға дейін,
- республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз,
- таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған