Алдағы он жылда бірқатар елдер түтінсіз болашаққа көшеді – Philip Morris International вице-президенті
11 желтоқсан күні Абу-Даби қаласында өткен Technovation cаммитінде кейінгі жылдары Philip Morris International ғылыми зерттеулер мен инновациялық өнімдер әзірлеуге 12,5 миллиард доллар инвестиция салғаны айтылды. Бұл компанияның басты мақсаты – түтінсіз болашаққа жету. Кәсіпорынның негізгі өнімі – қыздырылатын темекі осыдан он жыл бұрын іске қосылған. Бүгінде PMI-дің түтінсіз өнімдері 92 елде сатылып жатыр. Осы тұста Stan.kz тілшісіне Philip Morris International компаниясының түтінсіз өнімдер жөніндегі вице-президенті Ксавье Дюкарро сұхбат беріп, Қазақстан мен Орталық Азияда PMI-дың түтінсіз өнімдерін қалай дамытатынын айтып берді.
– Қазір Philip Morris International барлық категория бойынша түтінсіз өнімдерін ұсынды деп айтуға болады. Алдағы уақытта PMI-ден Қазақстан мен Орталық Азия не күтсе болады?
– Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында түтінсіз өнімдерді дамыту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. Қазақстанда бәсекелестеріміз болғанына қарамастан, біздің өнімдеріміз ел тұтынушылары арасында жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ біз IQOS-тың жетістіктерімен мақтанамыз және алдағы уақытта Қазақстан мен Орталық Азияда түтінсіз болашаққа көшу үдерісін жеделдетуді жалғастырамыз деген ойдамын.
Сонымен қатар біз қыздырылатын темекіге дәстүрлі темекілердегідей сараланған реттеу тәсілін қолданатын орта қалыптастыру бағытында жұмыс істей береміз. Қыздырылатын темекі зияны аз балама болып саналады. Сондықтан біз оны реттеуде жеке әрі сараланған тәсіл енгізуді қолдаймыз.
Қазақстанда түтінсіз өнімдердің кейбір санаттарына тыйым салынғандықтан, қазір қыздырылатын темекі балама нұсқа ретінде қолжетімді. Осыған байланысты инновацияларды жетілдіріп, оларды нарыққа шығаруды жалғастырамыз. Атап айтқанда, қыздырылатын темекі сияқты өнімдеріміздің баламаларын әрі қарай да дамыта береміз.
– Бүгінгі презентацияда кейбір сарапшылар қыздырылатын темекі мен дәстүрлі темекілерді электрокарлар мен іштен жану қозғалтқыштары бар көліктермен немесе көмір электр станцияларын балама энергия көздерімен салыстырғандай салыстырды. Осы тұста темекінің түтінсіз баламасы денсаулыққа қаншалықты зиян екенін сипаттап өтсеңіз?
– Электр көліктер мен баламалы энергия көздері сияқты, қазіргі мәселелерді шешу үшін инновациялар енгізу қажет. Осы мақсатта қауіпті азайту үшін қыздырылатын темекіні әзірледік. Біз бұл құрылғыны толықтай қауіпсіз деп айтпаймыз, себебі оның да құрамында никотин бар, ал никотин тәуелділік тудырады. Дегенмен қыздырылатын темекі кәдімгі темекіге қарағанда әлдеқайда зияны аз балама деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені ол зиян заттардың бөлінуін 90-95% төмендетеді. Бұл факт қазір қолымызда бар ғылыми деректер мен зерттеулермен дәлелденген.
Біздің бұған қатысты зерттеулеріміз көп. Олар мемлекеттік органдардың біраз мәлімдемелерін растайды. Мысалы, қыздырылатын темекі кәдімгі темекілерге қарағанда зиян заттарды аз бөледі деп дәлелденген. Алайда әлі де темекіге байланысты аурулардың төмендеуіне қатысты корреляцияны зерттеу үшін жеткілікті уақыт өтпеді. Бізге бұл мәселені тереңірек зерттеу үшін көбірек уақыт қажет. Бүгінгі презентацияда қыздырылатын темекі мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан елдер мен сол елдердегі аурулар статистикасын көрсететін екі инфографика ұсынылды. Мысалы, Швецияда халықтың тек 5-6%-ы темекі тартады және онда басқа Еуропа елдеріне қарағанда өлім-жітім мен аурулардың деңгейі әлдеқайда төмен. Осы елдерде темекі шегуден бас тарту және темекімен байланысты аурулардан өлім деңгейінің арасындағы айқын корреляция бар.
– PMI 150 жылдық тарихы бар дәстүрлі темекі индустриясынан түтінсіз өнімдерге көшіп жатыр. Бұның артықшылықтары неде деп ойлайсыз?
– Бірінші артықшылық — темекі шегетіндерге қамқорлық жасау. Дүниежүзінде миллиардтаған адам темекі шегеді және біз оларға таңдау ұсынғымыз келеді. Мысалы, түтінсіз өнімдер, соның ішінде қыздырылатын темекіні айтсақ. Қазір түтінсіз өнімдерді бар болғаны 36 миллион адам қолданады. Бұл миллиардтаған темекі шегетіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Сондықтан біздің мақсатымыз — барлық темекі шегетіндерге, сонымен қатар бәсекелестеріміздің клиенттеріне де зиян емес баламаға көшуге көмектесу.
PMI ғылым мен технологияларға көп инвестиция салып жатыр. Біз тек темекі немесе никотин өнімдерімен шектеліп қалмаймыз. Одан әрі дамып, мысалы, Wellness индустриясын қолға алып, технологияларымыздың көмегімен жаңа өнімдер жасауға тырысып жатырмыз. Бұл технологиялар болашақта маңызды рөл атқарады. Никотин өнімдерін ғана дамытып, тоқтап қаламыз демейміз. Никотин шеңберінен шығып, басқа бағыттарды дамытуға да ниеттіміз.
– Сіздің ойыңызша, әлем қашан түтінсіз болашаққа жетеді?
– Ең оңай жауап — неғұрлым тезірек болса, соғұрлым жақсы. Бірақ біз бүкіл әлемге әсер ете алмаймыз, тек өзіміздің үлесімізді қоса аламыз. Түтінсіз болашаққа жету тек бір компанияның немесе бір елдің ғана қолынан келмейді. Бұл – үлкен және кешенді процесс. Ол бүкіл қоғам мен үкіметтердің күш-жігерін талап етеді. Түтінсіз болашаққа қол жеткізу үшін барлық тарап бірігіп жұмыс істеуге тиіс. Ғылыми қауымдастықтар, азаматтық қоғам, үкімет, бизнес — бәрі бірге жұмыс істеп, үйлесімді әрекет етуі қажет. Тек осылай ғана түтінсіз болашаққа қол жеткізе аламыз.
Бұл тәсілді іске асыруда үлгі боларлық елдер ретінде Жапония мен Швецияны атап айтуға болады. Аталған елдерде қажет элементтің бәрі бірігіп, өзара үйлесімді жұмыс істеп, бірегей "пазлды" құрды. Жапония мен Швециядағы түтінсіз өнімдерге қатысты қабылданған мемлекеттік қолдау мен ғылыми зерттеулер нәтижесінде азаматтар темекіден бас тартуға біртіндеп бейімделіп келеді. Сондықтан менің ойымша, алдағы он жылда осы елдер толығымен темекіден бас тартып, түтінсіз болашаққа көшеді. Бұл – осы елдер үшін ғана емес, барлық ел үшін үлгі боларлық жағдай.
– Кейбір зерттеулерге сәйкес, қыздырылатын темекі әлі де зиян. Дегенмен ол кәдімгі темекімен салыстырғанда тыныс алу жолдары ауруларының қаупін төмендетеді. Не себепті PMI қыздырылатын темекінің зияны аз және ол темекіге қатысты ауруларды тудырмайды деп санайды?
– Біз түрлі зерттеулер жүргіздік, оның ішінде клиникалық зерттеулер де бар. Олар қыздырылатын темекінің шылымға қарағанда жақсы балама екенін нақты дәлелдейді. Мысалы, жақында PMI клиникалық зерттеу жариялады. Онда тоғыз биомаркердің әлеуетті зиянына қатысты өзгерістер зерттелді. Зерттеу нәтижесінде қыздырылатын темекіге көшкен адамдардың биомаркер көрсеткіштері шылымды толық тастаған адамдардың көрсеткіштеріне ұқсас болғаны анықталды. Қыздырылатын темекі жүйелерінің зияны азырақ екендігі туралы деректер тек PMI-де ғана емес, көптеген тәуелсіз зерттеулерде де бар. Оларды әртүрлі мемлекеттік органдар жүргізіп, өз қорытындысын жасап жатыр. Мысалы, АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (US FDA) өз бағалауында осындай нәтижені байқаған.
Бұл зерттеулер түтінсіз өнімдерге қатысты барлық деректі жинаудың маңызын көрсетеді. Олардың денсаулыққа тигізетін ықтимал әсерін зерттеу үшін қосымша уақыт қажет екенін түсінеміз. Шылым шегуден толық бас тартудың ең жақсы шешім екенін айтамыз, бірақ көп адам шылымды тастағысы келмейді немесе олар үшін бұл қиынға соғады. Сондықтан біз оларға денсаулыққа келтіретін зиянды азайтуға мүмкіндік беретін, ең жақсы баламаларды ұсынғымыз келеді. Себебі темекі — никотинді жеткізудің ең зиян тәсілі және ол денсаулыққа зор қауіп төндіреді. Қыздырылатын темекі мен түтінсіз өнімдер осы зиянды азайтуға көмектеседі.
– Биыл PMI түтінсіз өнімдерін коммерциялауға және дамытуға кіріскеніне 10 жыл болды. Қазақстанда қыздырылған темекі жүйесінің іске қосылғанына 8 жыл толды. Осы 10 жылдықтың 3 негізгі қорытындысын атап өтесіз бе?
– Біріншіден — біз Қазақстан халқының баламаларға деген сұранысы жоғары екенін байқаймыз. Темекі шегу өте зиян екенін түсінетін адамдар көп, бірақ бәрі бірдей осы әдеттен толық бас тартуға дайын емес. Сондықтан біз оларға зияны аз баламаларды ұсынуымыз қажет. Бұл мәселе тек Қазақстанға емес, әлемнің көптеген елдеріне қатысты. Бүгінде көп адам темекі шегуден бас тартқысы келеді, бірақ оларға тиімді баламалар мен қолжетімді шешімдер өте маңызды.
Екіншіден — біз Қазақстанда өте табысты жұмыс істейміз және бұл бағыттағы жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Әлі де өсу әлеуеті бар, әсіресе реттеу саласында. Қазір қыздырылатын темекі мен дәстүрлі темекі арасындағы акциздерде тек 21% ғана айырмашылық бар, бұл әлі де жеткіліксіз. Біз адамдарға осы екі өнім арасындағы айырмашылықты түсіндіруді мақсат етіп отырмыз. Реттеу мен салық салу нақты зиян мен тәуекелдің деңгейіне негізделуге тиіс. Қаупі төмен өнімдерге салықты төмендету керек, ал ең зиян өнімдер қымбат болуға тиіс. Бұл әдіс адамдарды темекі шегуден бас тартуға немесе кем дегенде, шылымның ең зиян түрінен бас тартуға ынталандыруы керек. Осылайша, біз Қазақстанда түтінсіз болашаққа жетуге және қоғамның денсаулығын жақсартуға үлес қосамыз. Қазақстанда бізге әлі де үлкен мүмкіндік пен өсу әлеуеті бар екеніне сенімдімін.
Үшіншіден, Қазақстанда электронды темекіге салынған соңғы тыйым жайлы атап өткім келеді. Бұл стратегия екі нәтижеге әкеледі: 1) темекі шегетіндер жұқпалы емес аурулардың даму қаупін азайтатын түтінсіз баламалардың біріне ауысу таңдауынан айырылады; 2) әрқашан никотин өнімдерінің заңсыз нарығы үнемі өсіп келеді. Мұны басқа елдердің, соның ішінде дамыған елдердің тәжірибесінен көріп отырмыз. Сондықтан никотин өнімдері кәмелетке толмағандардың қолына ешқашан түспеуі үшін оларды реттеу маңызды. Бірақ сонымен қатар темекі шегетіндердің болашақта денсаулығына келетін қауіпті азайту үшін түтінсіз баламаларға ауысуға мүмкіндік беру қажет.
– PMI Қазақстанда түтінсіз өнімдер қолданысын дамытуды қалай жоспарлап отыр?
– Біз инновацияларды енгізуді жалғастырамыз. Мен өнімдердегі инновациялар туралы ғана айтып отырғаным жоқ. Мысалы, жаңа IQOS нұсқасының іске қосылуы немесе біздің стик өнімдеріміздің жаңа дәмдерінің шығуы сияқты жаңалықтар болады. Сонымен қатар өзіміздің көзқарасымызда да инновациялық тәсілдер қолдануды көздейміз. Бұл инновациялар өнімдермен ғана шектелмейді, реттеу саласында да жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізуге ұмтыламыз. Реттеу үдерісінде инновациялық шешімдер қолдануды сұраймыз. Өйткені бұл қоғамның денсаулығын қорғаудың тиімді жолы және ол түтінсіз болашаққа қадам жасауға мүмкіндік береді.