"Есесіне тегін": Астанадағы Ботаникалық бақта суға шомылып жүрген екі ер адам полиция назарына ілікті (видео)
Фото: видеодан кадр
Желіде елордадағы Ботаника бағында суға шомылып жүрген екі ер адамның видеосы тарады. Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі ер адамның Ботаникалық бақтағы су қоймасына шомылып жатқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Желі қолданушылары екі ер адамның әрекетін қолдап, пікір білдірген.
"Шомыла берсін. Өз өмірлеріңді сүріңдер", "Рахаттанып шомылып жүр", "Ондағы су тұрып қалған су сияқты еді, ауырып қалмаған болар", "Жарайсыңдар, шомыла берсін, бұл қалада әйтеуір бір адам бақытты екен", "Есесіне тегін", "Өмірдің рахатын көріп жүр", "Бір салқындап алды, мұнда тұрған не бар?".
Алайда елордалық полицейлер ер адамдарға заңнама аясында шара қолданылатынын атап өтті.
"Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бұл адамдарға заңға сәйкес шара қолданылады", – деп хабарлады Есіл аудандық полиция басқармасындағылар.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған