Altel-мен бірге 30 жыл: Қазақстанда ұялы байланыс қалай дамыды
Altel үшін клиентінің ең тамаша күні оператордың бар-жоғын байқамаған кезі. Яғни ол күнделікті үйреншікті әрекеттерін орындайды. Сатып алу керек заттардың тізімін жасап, олар үшін банк қосымшасы арқылы төлейді. Тұрақтың ақысын кодты сканерлеу арқылы өтейді. Балаларға қазақ тілі курстары үшін ақша аударып, сүйікті сериялын көреді немесе түскі үзілісте ойын ойнайды. Онлайн-кездесуде басшысының әр сөзін кідіріссіз естиді не көршімен болған әңгімені айтып беріп отырған анасының бейне қоңырау арқылы әрбір қозғалысын көреді.
Отыз жыл бұрын Қазақстанда ұялы байланыспен бірге ALTEL операторы алғаш пайда болған кезде технологияны пайдалану мүмкіндігі жұрт үшін қолжетпес дүние еді. Ал бүгінде минут сайын тәулігіне жиырма төрт сағат әлемнің түпкір-түпкірімен байланыста болу күнделікті қажеттілікке айналды. Олай болса бәрі қалай басталғанын еске түсірейік.
Алғашқы байланыс
1994 жылы Altel пайда болған кезде ұялы байланыс та елмізге енді келіп жатты. Осы кезде компания AMPS/NAMPS деп аталатын аналогтық технологиясымен алғашқы желісін іске қосты. Бәрі бүкіл қаланы байланыспен қамтыған үш базалық станциядан басталды. Бұл кезде ұялы телефондардың салмағы қазіргі ноутбуктерден де ауырырақ болды. Осындай перспективаларға қарамастан, байланыстың бір ғана кемшілігі болды. Оны халық "алтын телефон" деп атап кетті. Яғни клиенттерде телефон болғанның өзінде оны тек төтенше жағдайларда ғана қолдана алды.
1994 жылдағы абоненттік төлем:
17 820 теңге (500 доллар) — тек қоңыраулар үшін.
2005 жылдағы абоненттік төлем:
6 000 теңге (45 доллар) — қоңыраулар мен SMS үшін.
2014 жылдағы тариф құны:
490-нан (3 доллар) басталды.
3 990 теңгеге (22 доллар) шексіз интернет + қоңыраулар мен SMS.
2024 жылдағы тариф құны:
3 390 теңгеге (7 доллар) – тарифті өзіңіз де құрап ала аласыз. Мәселен, стримингтік платформалар, теледидар мен қалалық нөмірлерге қоңырау шалуды қосуға болады.
ALTEL-дің барлық технологиясы
Тоқсаныншы жылдардың ортасында алғашқы қазақстандық оператор жаңа мамандықтың дүниеге келуіне әсер етті деуге болады. Абоненттерді байланыспен қамтамасыз ету үшін байқаулар жариялады, жас мамандарды табу үшін институттарды аралады. Ол кезде байланыс саласындағы мамандарды оқыту қазіргідей оңай болмады. Ақпаратты бір батырма көмегімен тарату мүмкін емес еді. Қағазға басып шығарылған деректер қолдан-қолға берілді. Білім тәжірибеде қолданылып, алғашқы станцияларды жабдықтаған мамандар оқытты.
Осылайша жаңа дәуір басталды: 2000-жылдардағы SMS-тен үнсіз режимдегі жүздеген хабарламаларға дейін, кәдімгі қоңыраулардан онлайн кездесулерге дейін дамыды. 2003 жылы Altel PaThword және Dalacom маркасымен CDMA стандартының үшінші буынының технологиясын іске қосты. Оператор елде байланысты дамытуды жалғастырды. Қалалық нөмірдегі алғашқы ұялы телефондар (Сity операторы) пайда болды. Бұл кезде көпшілікке қалалық нөмірлерге үйден тыс жерлерде қоңырау шалу ғажайып дүниедей көрінетін. Тіпті мұндай телефондардың иелері өздерін ерекше күшке ие әлемді билеушідей сезінді.
Ал 2005 жылы қазақстандықтарда мобильді интернет пайда болды. Altel байланыс стандарттарының әрқайсысында бастамашы позициясын жоғалтпады. Бұл жолы EVDO/3G технологиясы болды және 2010 жылы компания Jet3G — USB-модемдерін нарыққа шығарды. Бұл компьютерлерді интернетке сымсыз, кабельсіз қосуға мүмкіндік берді. Бұл кез келген уақытта сым мен кабельдерге байланбай-ақ, байланыста болатын еркіндіктің символына айналды. Дегенмен фильм немесе ойынды жүктеу үшін бірнеше сағат күтуге немесе жүктеуді түнімен қалдыруға тура келетін. Сәйкесінше ешқандай ақау болмауын да тілейтін.
"2008 жылы алғаш компанияға келгенімде үшінші буын желісінің құрылысы басталып жатты. Кейін бұл үлкен серпіліске айналды. Смартфондар пайда бола бастады, компания жаңа бағытта дамыды. Жай дауыстан деректерді цифрлық өнімдерге беруге дейін алға жылжыды", – дейді Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Владимир Рядинский.
Ал 2012 жылы Altel төртінші буын байланысын өрістетуге лицензия алды және LTE технологиясын Алматы мен Астанада іске қосқан алғашқы оператор болды. Бұл 4G байланысын секундына 100 мегабитке дейін жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар финтехтің дамуына түрткі болды. Содан кейін банк қосымшалары, таксиге қоңырау шалу қызметтері мен басқа да қосымшалар пайда бола бастады.
2014 жылдың мамырында Altel компаниясы ALTEL 4G GSM сауда маркасымен LTE/UMTS/GSM технологиясы бойынша желіні іске қосты. Бұдан соң LTE технологиясын қолдайтын смартфон пайдаланушылары қоңырау шалып, интернетті еркін қолдана алды. Байланыс жай ғана қолжетімді емес, сонымен қатар сапалы бола түсті. Адамдар сол арқылы бір уақытта хат жазысып, музыка тыңдап тіпті ақша аударып үлгереді. Тек телефон арқылы кәсіпті жүргізуге мүмкіндік пайда болды.
2023-2029 жылдар аралығында әлемдегі бір смартфонға орташа деректерді тұтыну айына 21 гигабайттан 56 гигабайтқа дейін өсуде. Ал мобильді деректер трафигіндегі 5G үлесі 2029 жылға қарай 75 пайызға дейін өспек.
2021 жылы оператор жиілікті таратуға арналған ресми аукционға дейін 5G қол жетімді пилоттық аймақтарды іске қосты. Компания үшін аукционға қатысу "технология бойынша бірінші болу" мәртебесін растаудың кезекті қадамы болды. 2023 жылдан бастап 5G-ге арналған станциялардың белсенді құрылысы жүріп жатыр. Қамту Қазақстанның 20 қаласында тұрақты өсуде. 2024 жылдан бастап Altel сымсыз желілер арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін FWA (Fixed Wireless Access) технологиясын белсенді түрде дамытуда.
Мобильді трафик 2029 жылға дейін жылына орта есеппен 20 пайызға өседі деп болжануда. Бұл өсімге ЖИ құралдарын кеңінен қолдану да себеп болады. FWA арқылы қосылу 2029 жылға қарай 330 миллионға дейін өседі деп болжанып отыр. Бұл бүкіл әлемдік мобильді трафиктің шамамен 30 пайызына тең. 2023 жылы FWA барлық мобильді трафиктің шамамен 22 пайызын қамтыды және бұл сан әлі де өсіп жатыр. Әсіресе талшықты-оптикалық желілерді енгізу мүмкін емес жерлер мен жету қиын немесе қымбат аймақтарға қажет.
Бүкіл ел байланыста
Телеком мемлекет үшін инфрақұрылымның базалық бөлігіне айналды. Қазақстан – аумағы үлкен және халық тығыздығы төмен ел. Бұл бүкіл индустрия үшін белгілі бір деңгейдегі үлкен тапсырма. Сондықтан еліміздің шалғайдағы, халқы аз елді мекендерін байланыспен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың ақпан айында мемлекетпен бірлесіп "250+" бағдарламасы іске қосылды. Мақсаты еліміздің халқы аз ауыл аймақтарын дүниежүзілік желімен, байланыспен қолжетімділікті қамтамасыз ету болды. Оператор "Туған жер" арнайы тарифін (ел нарығындағы осындай жалғыз тариф) құрды. Соның арқасында ауыл тұрғындары оқыту ресурстары мен мемлекеттік платформаларға шексіз қол жеткізе алды.
Деректерге сүйенсек, қаладағыдай ауылдарда да адамдар әлеуметтік желі мен видеоконтент ұсынатын платформаларда белсенді уақыт өткізе бастады. Мұндай трафик 48 пайызды құрады. Бұдан соң Altel "Ұлт қазынасы" жобасын іске қосты. Ол ауыл тұрғындарын еліміздің дәстүрлері мен мәдени мұраларын еске салып, қайта таныстыратын контент жасауға ынталандырады. Бұл жобаның да танымалдығы артып, аудиториясы жасы өсті. Қазір көрермендердің 30 пайызы 60 жастан асқан.
Кез келген жағдайда жұмыс істейді
Пандемия байланыс сапасы мәселесін өзекті етті. Әдетте желідегі жүктеме қала ортасы мен бизнес-орталықтарында жоғары болса, пандемия кезінде керісінше шеткі аймақтар болды. Бұл Altel үшін тағы бір сынақ болды. Дегенмен LTE клиенттік жабдықтарының резервтерін пайдалану арқылы байланысқа қол жеткізу жедел ұйымдастырылды. Altel осы кезеңде дүрбелеңді басу үшін бәрін істеді. Әркім өзін-өзі оқшаулау арқылы жалғыз қалған адамдар алыстағы жақындарының жағдайын біле алды. Дәл осы пандемиядан кейін телекомның инфрақұрылымы әлеуметтік маңызды позицияларды бекітті. Яғни мұндай байланыс тек бизнес үшін ғана маңызды емес екенін дәлелдеді.
"Мен компанияға 2019 жылы ковид қарсаңында келдім. Өте қиын уақыт, тынымсыз жұмыс істедік. Бүкіл жұмыс, мектеп, кәсіп қашықтан жұмыс істеуге шыққан кезде Қазақстанды байланыспен және интернетпен қамтамасыз еттік. Шағын және орта бизнесті қолдадық, жоқ дегенде бір қалыпты ұстап тұруға көмектестік. Түн ортасына дейін жұмыс істеп, сим-карталарға нөмірлерді өзіміз жапсырып, оларды қораптарға жинап, жүктеп, барлық мектепке, еліміздің аймақтарына жібердік", – дейді Junior Scrum-шебері София Баязерова.
Altel – сіз сияқты
2023 жылы Altel нейрон желілер мен қазақстандықтардың он мыңдаған фотоларының көмегімен еліміздің барлық тұрғындарының ұжымдық бейнесіне айналған жаңа кейіпкерлерді жасап шығарды. Ал Altel-дің жаңа ұраны “сіз сияқты" деген сөз болды. Бұл бағытта да оператор бірінші болды. Бұған дейін жарнамалық науқанға ешкім ЖИ кейіпкерлерін пайдаланбаған.
"Digital Inhouse-тың келуі бетбұрыс кезеңіне айналды. Осы уақыттан бастап компания жай телекоммуникация операторы ғана емес, технологиялық компанияға айнала бастады. Бұл бізге цифрлық таланттарға тартымды жұмыс беруші болуға мүмкіндік берді. Корпоративтік құндылықтарды жаңарту біздің бірегейлігімізді көрсетіп, мәдениетімізді айқындады", – деді Team lead бағалау мен таланттарды басқару функциялары маманы Татьяна Столярова.
Қазақстан бүкіл әлем сияқты, тез өзгеріп, технологиялық қоғамға жақындап келеді және Altel осы мақсатта инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
