Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канада Трамптың қоқан-лоқыларына жауап ретінде АҚШ-тағы электр қуатын өшіретінін айтты

Канаданың Онтарио провинциясының басшысы Даг Форд АҚШ-қа қатаң мәлімдеме жасады. Ол егер Вашингтон канадалық тауарларға 25 пайыздық баж салығын салса, Америкаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға уәде етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBC порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: СВС

Бұл мәлімдеме елдің премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған канадалық көшбасшылардың кездесуінен кейін жасалды. Олар АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп айтқан жаңа кедендік тарифтерге байланысты қысымды талқылады.

"Біз қаншалықты деңгейде болатынына қарай толық жауап береміз. Тіпті керек болса Мичиган, Нью-Йорк және Висконсин штаттарына электр қуатын өшіруге дейін барамыз. Әрине бұлай болғанын қаламаймыз. Бірақ ең басты міндет Онтарионы, Онтарио тұрғындарын және жалпы канадалықтарды қорғау. Өйткені біз ең үлкен провинциямыз", – деді Форд.



Өз кезегінде, канадалық вице-премьер Христос Фриланд "Канаданың АҚШ-тың әділетсіз тарифтеріне жауап беретініне" уәде берді. Айтуынша, Канада металдар мен маңызды минералдарға қарсы әрекет етеді.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Канада мен Мексиканы АҚШ-тың құрамына қосылуға шақырған еді. 

Талқылау