Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда Сібір жарасына байланысты мектептерде сиыр еті мәзірден алып тасталды

Атырауда Сібір жарасына байланысты мектептердегі мәзірден сиыр еті уақытша алынып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бұл шара қалалық "Асыл-агро" мал базарының аумағында сібір жарасы бактериялары табылғаннан кейін жасалып жатыр. Атырау қаласының білім бөлімі қазір бұл аурудың  мектеп оқушыларына жұқпауының алдын алу үшін шаралар қабылданғанын айтты.

"Аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасы) алдын алу мақсатында біз Атырау облысының білім басқармасына қала мектептерінің перспективалық мәзіріне өзгерістер енгізу, яғни талаптарға сәйкес сиыр етін басқа өнімге ауыстыру туралы хат жолдадық", – делінген хабарламада. 



Қаланың ет бөлімдерінде сиыр етіне сұраныстың төмендеуі байқалады. Қала тұрғындары қой мен жылқыны сатып алуға да күмәнмен қарайтынын жеткізді. Ал сатушылар болса, ет балғын болып, бұзылмауы үшін, өткізу үшін бағаны айтарлықтай төмендетуге мәжбүр. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 қарашасында Атыраудағы мал сою цехының аумағында өлген малдан сібір жарасы табылуына байланысты карантин енгізілді. Содан бері малдардың арасында үш өлік тіркелді. Ал адамдар арасында сібір жарасының тері түрімен ауыратын екі науқас бар.

Талқылау