Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сеулде 100 жылда алғаш рет толассыз қалың қар жауды: Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Оңтүстік Кореяда 100 жылда алғаш рет толассыз қалың қар жауып, кем дегенде 3 адам қаза тапты. Салдарынан түрлі апат болып, рейстер тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gismeteo-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан

Канвондо провинциясында 21,8 см жауған қардан жолда бес автомобильдің қатысуымен үлкен апат болды. Апат салдарынан 81 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы екі адам ауыр, төртеуі жеңіл жарақат алды.

Кенгидодағы Янфен округінде гараждың құлауынан 78 жастағы ер адам қаза болды. Ол шатырдағы қарды тазалап жүрген.

Кенгидодағы Хвасонда ауа райының қолайсыздығынан 30 жастағы қозғалысты реттеп тұрған экспресс операторы автобус қағып кетті.

Кенгидодағы Намянжу туннелінің жанында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің қатысуымен апаттан екі жүргізуші жарақат алды.



Сеулдің солтүстігіндегі Сонбук ауданында жүздеген үй шаруашылықтары қуатсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүкіл ел бойынша 146 халықаралық рейс тоқтатылды.

Корея метеорологиялық басқармасының (KMA) мәліметтері бойынша, Сеул мен Канвондағы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қар жамылғысының биіктігі 24 сантиметрден асқан.

Талқылау