Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Экономика құлдырап, жұмыссыздық деңгейі артады": Қытайдың онлайн-сауда дүкендері әлемдік нарыққа қалай әсер етіп жатыр

Онлайн сауда тек әлемде ғана емес, Қазақстанда да танымал бөлшек сауда түрлерінің біріне айналды. Елімізде интернет арқылы тауарларға немесе қызметтерге тапсырыс бермеген адамды табу қиын. Қазіргі уақытта кез келген тұрғын отандық және шетелдік маркетплейстерге кедергісіз қол жеткізе алады. Осы орайда шетелдік нарық тақырыбына тоқталсақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Шетелдік маркетплейстердің көпшілігі қазақстандықтарға қолжетімді. Ал оның ішінде ең танымалдары қытайлық – Temu және Pinduoduo маркетплейсі. Бұл онлайн-сауда жүргізетін желілердің танымалдығы олардың баға саясатына және маркетингтік науқандарына байланысты. Онда сапасы төмен тауарлар арзан бағамен сатылады. Осы орайда маркетплейстердің ел экономикасына, шағын және орта бизнеске, қарапайым тұтынушыларға әсері қандай, деген сауал туындайды. 

Осы екі онлайн-сауда дүкендерінің қазақстандық тіпті басқа шетелдік базарлардан айырмашылығы қандай? Мәселен, Wildberries немесе Ozon?

Негізгі айырмашылығы – Temu мен Pinduoduo Қазақстанда тіркелмеген. Ал Wildberries және Ozon компанияларының елімізде өз өкілдіктері бар. Тіркеудің жоқтығында қандай мәселе бар, деген сауал туындауы мүмкін. 

Біріншіден, тіркеу болмаған кезде базар ел бюджетіне кеден, баж немесе салық сынды жарна төлемейді. Бұл, әуелі мемлекеттің экономикалық тұтастығына нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, заң бойынша жұмыс істейтін, алымдар мен салықтарды төлейтін шағын және орта бизнеске үлкен әсер етеді. Қазақстанда салық төлейтіндер тізімінде бірде-бір қытайлық онлайн-сауда дүкендері жоқ. Бірақ Қазақстанда тіркелген компаниялардың бюджетке салық түрінде жіберетін сомалары миллиардтаған теңгемен есептеледі. Бұл онлайн-сауда дүкендерінде жергілікті бизнес те жұмыс істейді. Олар да ел бюджетіне триллиондаған теңге әкеледі.

Екіншіден, компания жергілікті жерде тіркелмегенде, тұтынушылар жай ғана қорғалмайды. Сол үшін де талап қоятын ешкім болмайды. 

2023 жылы QazTech технологиялық компанияларының альянсы ұйымдастырған жиында Қазақстанның шағын және орта бизнес өкiлдерi ел нарығында iрi сыртқы сауда алаңдарының көбейіп жатқанын айтты. 

Айта кетейік, бұл мәселе қазақтың ғана емес, жаһандық мәселе. Мысалы, 2023 жылдың қазан айында Индонезия үкіметі Temu онлайн-сауда дүкенін қолданбалар қатарынан алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл шара шағын бизнесті қорғауға тиіс еді. Жақында Вьетнам Temu мен қытайлық Shein сән дүкенін айдың соңына дейін тыйым салатынын айтып, қорқытты. Тыйым салу нәтижесінде олар елде бизнес жүргізу құқығынан айырылды. 

Cube деректер талдау фирмасының негізін қалаушы Саймон Торрингтің айтуынша, Қытайдан арзанырақ тауарлардың келуі, импорт салығы аз, жергілікті сатушылар мен өндірушілерге зиянын тигізді. Олар нарықпен жылдамдық және баға бойынша бәсекелесе алмайды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылы Тайландтың барлық салаларындағы 2000-ға жуық зауыт жабылды. 50 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Бұл бір жағынан Қытаймен бәсекелестіктің күшеюіне және шығындардың өсуіне байланысты.

Temu-дың қытайлық баламасы Pinduoduo 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Ал жаһандық платформа 2022 жылы АҚШ-та іске қосылды және 2023 жылы еуропалық нарыққа шықты. Temu 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап,  2024 жылы Тайланд, Бруней және Вьетнаммен аяқталатын Оңтүстік-Шығыс Азиядағы нарығын кеңейтіп жатыр. 

Temu 2023 жылы Филиппин мен Малайзиядан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияда, одан кейін осы жылы Тайланд, Бруней және Вьетнамда сатылымын кеңейтіп жатыр. 

Temu-да 3 долларға (1 495 теңге) сатылатын сабаннан тоқылған сөмкелерді Индонезиядағы жергілікті сатушылар алты есе қымбатқа сатып жатыр. Вьетнам базарларында 15 долларға (7 479 теңге) сатылған күртешелерді Temu-да дәл осындай бағамен және тегін жеткізумен сатып алуға болады.

Тұтынушылар арзан тауарға қол жеткізуді ұлғайтқанымен, жергілікті бизнес өкілдері үкіметтің әрекетке көшуін қалайды. Индонезия 2023 жылы электронды қолданбалар арқылы интернеттен зат сатып алуға тыйым салып, салықты көтерген еді.  

"Temu ештеңеге қарамастан, нарықты жеңуге тырысады. Бұл басқа нарықтарға сигнал: "Егер оңай болса, келеміз. Қиын болса, біз тағы да келеміз. Сіздер бізге ережелер мен не істеу керегін көрсетесіздер, бірақ біз бәрібір де келеміз", – деді Cube аналитикалық компаниясының негізін қалаушы.

Нәтижесінде Қытай Азия елдеріндегі жергілікті бизнесті басып озып жатыр. Тек саудада ғана емес, жалпы экономиканың көптеген салаларында, соның ішінде өнеркәсіпте де алға шықты. 

Қытай базарлары Қазақстанға қалай қауіп төндіреді

Біріншіден, ел экономикасында сауда ерекше орын алатынын атап өткен жөн. Нарық жалпы ішкі өнімнің 18,2%-ын құрайды. Бұл басқа салалармен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш.

Фото: finprom

Екіншіден, жұмыспен қамту бойынша да онлайн-сауда саласы көш бастап тұр. Еліміздегі барлық жұмысшылардың 16,7%-дан астамы осы салада жұмыс істейді.

Үшіншіден, Қазақстанның маңызды міндеттерінің бірі – шикізатқа негізделген экономикадан өңдеуші өнеркәсіп пайдасына көшу. Бұл жағдайда шаралар қабылданбаса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан шағын өнеркәсіп өндірісі жай ғана жойылады.

Төртіншіден, бақыланбайтын сыртқы нарықтар сапасыз және контрафактілік өнімдерге қатысты ең жоғары тәуекелге ие. Сайып келгенде, бұл халықты арзаншылықпен қуантудың орнына қалтасын басып қана қоймайды, сонымен қатар өмір сапасы мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Еуропалық Комиссия (EC) Қытайдың Temu нарығына Цифрлық қызметтер туралы заңға сәйкес тергеу бастады. ЕуроОдақ мәліметінше, онлайн-сауда дүкендері Еуропа нарығында заңсыз өнімдерді сатуға қатысты Сандық қызметтер туралы заңның ережелерін бұзды.

Комиссия онлайн-сауда дүкенін тұтынушыларға жалған жеңілдіктер берді, жалған шолулар жариялады деген айып тақты.  

2024 жылдың басында Еуропалық ойыншықтар қауымдастығы Temu-да сатылатын балалар ойыншығының 95 пайызының қауіп деңгейі жоғары екенін анықтады. 

Неміс тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығы онлайн-дүкенге бірнеше рет ескерту жасады. Сондай-ақ көктем айында заңсыз әрекеттерді тоқтату және талап қою туралы соңғы ресми хабарлама жолдады.

Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа елдерінен үлгі ала отырып, белгілі бір шаралар қабылданбаса, Temu Pinduoduo ел экономикасын күйретіп, шағын және орта бизнесті жояды. Қазақстанда кәсіпкерлік құлдырап, өнеркәсі жойылып, жұмыссыздық деңгейі артады. Сондай-ақ ел азаматтарының денсаулығына зиян келеді. 

Талқылау