"Әуе билеттері де қымбат": Депутат Энергетика министрлігін Қазақстандағы авиаотынға тапшылықты қолдан жасады деп айыптады
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов авиа билеттердің бағасының өсуіне Энергетика министрлігін кінәлады. Айтуынша, министрлік отынға тапшылықты қолдан жасап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мұрат Әбенов бүгінде әуе билеттердің бағасы көпшіліктің наразылығын тудырып жатқанын алға тартты.
"Көбіне барлық шағымымызды авиакомпанияларға айтамыз. Бірақ іс жүзінде кінәлілердің бірі – Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз". Өзбекстанда бұл 200 долларға арзан. Әлемде отын бағасы, оның ішінде ТМД-да 300 мың теңге. Бұл монополиялық жағдай. "ҚазМұнайГаз" жоғары бағаны ұстап тұруға мәжбүр етеді. Екінші, өндіріс бойынша өзіміз 600 өндіреміз, Ресейден 200 сатып аламыз. Монополиялық желіні құрудағы тиімсіздігіңіздің арқасында сіз қолдан тапшылық жасап отырсыз. Бүгінде баға жоғары және оны төмендету мүмкіндігі жоқ. Өйткені билет бағасының 30% -ы жанармайдың бағасы", - деді Мұрат Әбенов.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ішкі нарықта тапшылық байқалатынын растап депутатқа жауап берді.
"Ішкі нарықтағы тапшылық бойынша индикативті баланста 500 мың бар. Ол үлестіру жүріп жатқан кезде қосылады. Яғни, үкіметтің шешіміне сәйкес оператор белгіленді. Сіз нарықты монополияладыңыз деп айтап отырсыз. алайда елімізде "Қазмұнайгаздан" басқа отынды ешкім өндірмейді. Яғни шартты түрде мұнай өңдеу зауыттары жоқ", - деп жауап берді Сәтқалиев.
Сондай-ақ, ол бағаның өсуіне жол бермеу үшін бірыңғай оператор - "ҚазМұнайГаз Аэро" құрылғанын атап өтті.
"Бағаның өсуіне, бәсекелестікке жатпайтын мінез-құлыққа жол бермеу мақсатында "ҚазМұнайГаз Аэро" деп аталатын монополияға қарсы органдар тарапынан бақыланатын бірыңғай оператор құрылды. Ол белгіленген бағалар бойынша реттелетін тек отандық авиатасымалдаушылар үшін көлік министрлігінің шешіміне сәйкес авиаотын жеткізуді жүзеге асырады", - деп қосты Сәтқалиев.
Сонымен қатар, энергетика министрі Қытай мен Түрікменстаннан авиаотын импорттау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.
"Басқа халықаралық авиатасымалдаушылар импорттық бензин, авиаотын сатып алады. Импорт индикативті балансқа сәйкес дербес немесе кейбір компаниялар арқылы, негізінен Ресейден жүзеге асырылады. Бірақ басқа баламалар бар. Біз Қытайдан, Түркіменстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша", - деп қорытындылады Сәтқалиев.