"Жауын-шашын, күшті жел мен көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері жауын-шашын, көктайғақ болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон болады. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.
Ал 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман болып жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбады
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан