Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам ұлының қуыршақ ойнағанына ашуланып, балабақша қызметкерлерін өлтіремін деп қорқытқан (видео)

Ресейдің Калуга қаласында полиция 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты "Өлтіремін" деп қорқыту бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zona.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам "ұлының қыздар ойнайтын ойыншықтармен ойнағанына" ашуланып, қаладағы балабақшалардың біріне келген.

Мекемеде ол бір топ мұғаліммен жанжалдасып қалған. Басқа балалардың ата-аналары ер адамға ұрысып, тезірек кетуін сұраған. Алайда ер адам оларды қорқытып, өлтіретінін айтқан. 



Полиция күдіктінің өз баласына күш қолдануы мүмкін деген ақпаратты тексеріп жатыр.

Тергеу комитетінің Калуга облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ер адам Орталық Азия елдерінің бірінде туған. Ал Ресей азаматтығын 2017 жылы алыпты.

“Калуга орыс қоғамдастығының” желіде таратқан видеосында күдікті ұлының қыздармен қуыршақ ойнағанын ұнатпағанын айтады.

"Осылай уақыт өте береді. Алайда бұл дұрыс емес. Болашақта не болады”, – дейді ер адам видеода.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы балабақша басшылығы домофон орнату құнын 25 есе қымбаттатып жібергені туралы жазған едік. 

Талқылау