Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Молдовадағы президент сайлауында Майя Санду жеңіске жетті

Молдованың қазіргі басшысы Майя Санду президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жеткенін мәлімдеді. Сайлауда берілген дауыстарды санау әлі аяқталған жоқ. Дегенмен қазіргі президенттің қарсыласы, елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояноглоның жеңіске жетуге мүмкіндігі жоқ. Санду шетелде тұратын молдовалықтардың дауысының арқасында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: dw.com

Майя Санду сайлауда жеңіске жеткенін 4 қарашаға қараған түні хабарлады. Ол Молдова еліне алғысын айтып, мықты президент болуға уәде берді.

"Молдова, сен жеңдің! Болашақ үшін дауыс беруде бәрі жеңіске жетті деп ойлаймын. Мен жақсы президент болуға уәде беремін", – деді агенттік.



Түнгі сағат екідегі мәлімет бойынша, сайлау учаскелерінде халықтың 98,8 пайызы дауыс бергені анықталды. Санду 55 пайыз, қарсыласы Стояногло 45 пайыздан сәл асатын дауыс жинады.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы шыққаннан кейін Майя Сандудың жақтастары оның жеңісін тойлауға кірісіп кетті.

Бірінші айналымда Санду 42,4%, ал Стояногло 25,9% ғана жинады. 

Қазір дауыстарды санау жалғасып жатыр. Осылайша, Майя Сандуды екінші президенттік мерзімге қайта сайланады деп болжауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін президент сайлауында бюллетеньдердің 70%-дан астамы өңделгеннен кейін қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду көш бастап тұрғаны туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 04 Қараша, 2024 10:01