"Қар аралас жаңбыр жауады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет Қазақстан аумағы бойынша 15-17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында күн суи бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше суық антициклон еліміздің солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді. Жауын-шашын тоқтағанына қарамастан, термометр бағандары алдағы түндерде теріс температураны көрсетеді. Алайда күндіз күн әлі де жылы болады.
17 қазанда солтүстікте 5-10 градус жылы болады.
Бүгінге дейін оңтүстік өңірлерде күн жылы болса, бұл жолы қыстың ызғары сезіледі. Антициклон шығысқа қарай жылжып, түнде және күндіз ауа температурасы төмендейді. Сонымен қатар жаңбыр қарға ұласып, жауын тек тауларда ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс аймақтардың қалған бөлігінде де болады.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған