"Тойға барғандай": Мобилографымен бірге Талғардағы марқұм Шерзаттың үйіне барған депутат Назаров сынға қалды
Талғарда марқұм Шерзаттың ауылына барған депутат Ардақ Назаров желіде сынға қалды. Көргендер оның өзімен мобилографын ертіп алып, журналистер сұрағын елемегеніне шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист Гүлбану Әниятқызы өзінің Facebook желісінде Ардақ Назаровтың видеосын жариялады.
“Ардақ Назаров – Алматы облысынан сайланған депутат. Талғар өзінің округі. Не үшін барды? Не бітірді? Халық қан жылап тұр. Ал мұның жүрісін, жауабын қараңыздар. “Көріп алайын” дейді. Нені көрмекші? Қасына мобилограф ертіп алған. Тойға барғандай. Жүрген-тұрғанын видеоға түсіріп, әдемі пост жазып қойыпты. Бардым халықтың қасынан табылдым деген есеп үшін бе? Сәл болсын намысы болса, депутаттық мандатын тапсыра салуы керек қой”, – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Қазір 16 жастағы жасөспірім мерт болған Талғар қаласын Ұлттық ұлан сарбаздары күзетіп жатыр.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты