"Басшысымен 100 рет сөйлескен": Қарашығанақ темір жолында пойыз астына түсіп қаза тапқан әйелге сараптама жасағандар істі бұрмалаған
Қарашығанақ темір жолында пойыз астына түсіп, қаза тапқан әйелдің жақындары тергеудің дұрыс өтпегеніне наразы. Тергеуде оқиғаға әйелдің өзін кінәлап, теміржолды дұрыс емес жерден кесіп өтті деп көрсеткен. Алайда кейін сараптама жасаған мамандардың жалған ақпарат көрсеткені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Оқиға туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жазған. Журналистің айтуынша, Азамат Жанпейісовтің анасы Гүлзада Жантасова үш ай бұрын пойыз астына түсіп қаза тапқан. Алайда қазір бұл іске байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
“Гүлзада Жантасова 2021 жылдың күзінде "Қарашығанақ" кен орнында көмірсутек өндіретін компанияның қызметкерлерін тасымалдайтын пойыздың астына түсіп қаза тапты. Ал сол күні қозғалыс қызметін "Желдортранс-Ақтөбе" ЖШС көрсеткені анықталды. Тергеуді көлік полиция департаменті жүргізген. Тергеуші әдеттегідей, машинист пен оның көмекшісінен жауап алған. Олар вагондарды кабинадан нашар көрінетін маневрлік локомотив тартқанын түсіндірген. Бірақ соңында тергеу оқиғаға әйелдің өзін кінәлап, теміржолды дұрыс емес жерден кесіп өтті деп көрсеткен. Нәтижесінде іс тоқтатылды”, – деп жазды ол.
Деректерге сенсек, кейін марқұмның ұлы БАҚ-қа шығып шағымданғандықтан тергеу қайта басталған.
“Іс бойынша вагондарды магистральдық жолдармен маневрлік локомотивпен тасымалдауға болатынын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сарапшылардың ойы екіге бөлінді: кейбіреулер бұл рұқсат етілген деп мәлімдесе, басқалары маневрлік локомотив тек экономикалық қажеттіліктерге арналғанын айтты. Құқық қорғау органдарын бұл істі тек қауіпсіздік ережелерін бұзуға ғана емес (ҚК-нің 344-бабы), сонымен қатар ҚК-нің 306-бабы бойынша "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жұмыстарды орындау" деген қорытындыға келді. Бұл бапта 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Машинистер емес, жұмысты ұйымдастырушылар жауап бермек”, – делінген жазбада.
Ең қызығы тергеу барысында полицейлер сараптамадағы сәйкессіздіктерді анықтаған. Құжаттағы екі сарапшының тұжырымдары бір-біріне қарама-қайшы жазылған.
“Осыған байланысты көліктегі полиция департаменті ҚК-нің 420-бабы "сарапшының көрінеу жалған қорытындысы" бойынша жаңа іс қозғады. Тергеу аясында сарапшы Николай Колесниковтың ұялы телефонын алу туралы шешім қабылданды. Колесниковтың хат-хабарларынан Алматыдан Оралға және кері ұшаққа билеттер, сондай-ақ ҚТЖ-да жолаушылар қозғалысында маневрлік локомотивтерді пайдалануға тыйым салынбағаны тікелей көрсетілген хабарламалар табылды. Ал хабарламаны "Желдортранс-Ақтөбе" ЖШС қызметкері Болат Мүфтеев болды.
Колесниковтың қоңыраулар журналында алты айда 100-ден астам рет сөйлескен сол ЖШС басшысы Талғат Жұмағалиевтің де нөмірі табылды. Бұл екеуі нені жиі талқылауы мүмкін? Әлде сараптамада істі қалай көрсету керек екенін ойластырды ма?”, – деп жазды журналист.